Мұхтар Мұқанұлы Мағауин — 1940 жылғы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында дүниеге келген, Абақ керей тайпасының Жастабан руынан шыққан көрнекті жазушы, ғалым, ауыз әдебиетін терең зерттеген ірі тұлға. Ел есінде мәңгі сақталған Мұхтар Мағауиннің қазақ руханияты үшін атқарған еңбегі мен батыл ойлары арқылы туған іргелі шығармаларының маңызы айрықша.
Бүгінде арамыздың ойсырап бос қалғанына бір жыл толды. Өзі өмірден өтсе де, артына қалдырған мол мұрасы өлмеген қаламгердің әрбір қазақ үшін орны ерекше. Ол сұм заманның тауқыметін де, бейбіт күннің шуағын да қатар көріп, қан майданда жанын пида еткен ата-бабалар ерлігінің жемісіне куә болған қайталанбас тұлға еді.
Жазушының шебер қаламынан туған туындылар — өскелең ұрпақ үшін бітпес қазына, таусылмас рухани азық. Адам мен табиғат арасындағы күрделі қатынасты, ұлт тағдырын терең бейнелеген «Шақан-Шері» романы, зиялы қауым мен ғалымдар өмірін арқау еткен «Көкмұнар», сондай-ақ «Көкбалақ», «Аласапыран» роман-диалогиялары ешқашан өз құндылығын жоғалтқан емес әрі жоғалтпайды да. Өйткені ұлтына жанашыр болып, артына өшпес із қалдырған тұлғалар әрдайым халық жадында сақталады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Мұхтар Мағауиннің ұлтты ұйыстыру мен тәуелсіздікті нығайту жолындағы еселі еңбегін ерекше атап, оның өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге екенін жеткізді. Айта кетейік, сан жылдар бойы еліне адал қызмет еткен Мұхтар аға туған жерінен жырақта, Америка Құрама Штаттарында дүниеден өтті. Өткеннің куәсінен айырылу — әрбір жанға өмірдің өткіншілігін тағы бір мәрте еске салады. Қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алған Мұхтар Мағауин өз ғұмырында салған сара жолымен, бітпестей көрінетін ұлы шығармаларымен ел жүрегінде мәңгі сақталмақ.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Ғарифолла Аяжан
- Хилон
- Платон
- Илон Маск
- Фирдауси
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі