Жоба тақырыбы: Асқабақтың дәрілік қасиеті
Авторы: Мусақызы Әсел
3 - сынып оқушысы
Секциясы: Биология
Жетекшісі:
Бастауыш сынып мұғалімі
Шанкеева Арайлым Алиевна
Біздің жобамыздың басты мақсаты- асқабақтың пайдасын зерттеу, адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланатынымен кеңірек танысу.
Міндеттері:
1. Асқабақтұқымдастар сипаттамасы
2. Асқабақтың емдік қасиеттері
3. Асқабақ дәнінің пайдасы
Зерттеу нысаны- адам
Зерттеу заты- асқабақ
Зерттеудің өзектілігі- біз асқабақты күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен,оның көптеген пайдасын,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.
Зерттеудің болжамы-егер біз асқабақ жайлы көбірек оқып білсек, онда асқабақтың көптеген сырларын ашар едік.
Зерттеу әдістері
- ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;
- бақылау;
-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1. Асқабақтың шығу тарихы
1. 2. Асқабақтұқымдастар сипаттамасы
1. 3. Асқабақтың емдік қасиеттері
1.4. Асқабақ дәнінің пайдасы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І.КІРІСПЕ
Болса да табиғаттың бір есебі,
Әлсіздер күштіменен теңеседі.
Мәңгілік мызғымайтын тас қой десең,
Тасты да, жарып шығып гүл өседі.
Ақын ағамыз жырлағандай, адам та табиғаттың бір бөлігі. Адамға қажет дәрі – дәрмек, киім – кешек, тамақ түрі табиғаттан алынады. Қазіргі таңда жер бетінде
өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі бар екен. Өсімдік, ол – тіршілік, ол - өмір, ол –
жердегі барлық тірі ағзаларға өмір беріп тұрады. Бүгінгі тақырыбымызға арқау болып отырған асқабақ жидегі адам денсаулығына пайдалылығы жағынан өзге жеміс-жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге аса бай.
Асқабақ бірнеше мың жылдар бойы өсіріліп келе жатқан өсімдік болып табылады. Америкадан таралған және шамамен 20 шақты сорты бар деп есеп-телінеді. 100 г асқабақта 19 ккал бар. Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және А, В1, В2, РР және С дәрумендері болады.
Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің
арқасында, асқабақты арықтауға себепші болатын ем - дәмдерді жиі қолданылады. Ағзадағы ас қорыту үдерістерін тездетеді, уыттардан тазартады, зат алмасудың артық өнімдерін жояды және су тепе - теңдігін реттейді. Минералды тұздарға және дәрумендерге бай. Несеп, жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге
көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және дәндері паразиттерді жояды.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Асқабақтың шығу тарихы
Асқабақ – ежелден егілетін өсімдік. Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездес-пейді. Ол біздің заманымыздан 3000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Асқабақтың Қазақстанда 9 түрі таралған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Біздің елде асқабақтың үш түрі: қатты қа-бықты, ірі жемісті және мускат өсіріледі.
Қатты қабықты асқабақ Орталық Америкалық таулы аудандарынан шыққан. Ас-қабақтың басқа түрлеріне қарағанда, оны солтүстік аудандар өсіреді. Ол ылғалды топырақты көбірек қажет етеді, қатты қабықты асқабақтың сабағы өткір, қырлы, салалы, жеміс сабағы тікенді - түкті келеді.
Асқабақтың мына схема бойынша себеді: 1, 4х1, 4; 2, 1х2, 1; 2, 1х2, 8 м. Асқабақ
егісінде гүлдерді қосымша тозаңдатады, ал солтүстік аудандарда - суық түсерден бір ай бұрын өркендерді тұқыртады.
Асқабақтардың Алтайская, Мозолеевская, Бирючекутская, Миндальная, Столовая зимняя, Кашкарская, Палавкаду сияқты сорттары бар.
Асқабақты тағам ретінде пайдалану сонау ерте замандардан басталған.
Өйткені, археологиялық қазба жұмыстары асқабақтың осыдан үш мың жыл бұрын пайдаға асырылғандығын анықтады. Оның дәндері перулік үндістердің табытта-
рынан табылған.
Ежелгі Грек және Рим тұрғындары кепкен асқабақтарды сұйықтықтар құятын ыдыс ретінде қолданған. Орыстардың 1926 жылы жасаған экспедициясының нәтижесінде жабайы асқабақтар Африканың солтүстігіндегі мекендерден табылған екен. Ғалымдардың болжамы бойынша, асқабақтың отаны – Африка. Ол күллі әлемге сол жерден таралған.
І. 2. Асқабақтұқымдастар сипаттамасы
Асқабақ – көп күн талғамайтын, ексе бау - бақшаның бәрінде өсе беретін бір жылдық өсімдік. Сабағы жерге жатып, желі тартып өседі. Жапырағы ірі, гүлі сары, жемісі әр түрлі, кейде ересек адамның құлашы жетпейтіндей үлкен болып өседі. Асқабақ тұқымдастардың ұзын сағақты, жай жапырақтары болады. Гүлдері жапы-рақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі. Көпшілігі даражы-нысты, кейде қосжыныстылары да кездеседі. Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жі-ңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5 - еу, оның 4 - еуі тұтасып, екі - екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұта-сып, гүл ортасында ғана түзеді. Аталық тозаңдағы имек. Аналық жатыны үш ұялы. Жемесі - қабақ. «Қабақ» деген - өсімдіктердің сырты қатты, шырынды жеміссерігі болатын жидектес жемісі.
Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және A, B1, B2, PP және C дәрумендері, ағзадағы зат алмасу процесін жедел¬дететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері, калий, кальций және темір бар. Құрамында дәрумендердің көптігінен болар, ол мың бір ауруға ем боларлық көкө-ніс деп есептеледі.
І. 3. Асқабақтың емдік қасиеттері
Ал, ғылымға құлақ түрсеңіз, асқабақты зұлым күштерге қарсы қолдана алмағаны-ңызбен, ерте қартаюға, түрлі ауруларға қарсы пайдалануыңызға әбден болады. Нақтыласақ:
Біріншіден, асқабақтың құрамында темір бар. Яғни, оны қаны аздықтың алдын алу мақсатында пайдалана аласыз. Темірмен қатар, асқабақта басқа көкөністерде кездесе бермейтін К және Т витаминдерінің болуы да қан құрамына оң ықпалын
тигізеді. Т витамині тромбоциттердің түзілуі үшін қажет зат болса, К витамині де қан құрамындағы түзілістерге әсер етеді.
Екіншіден, асқабақ ағзадағы зат алмасу процестеріне оң ықпалын тигізеді. Мыса-лы, жоғарыда аталған Т витамині зат алмасу процесін жеделдетеді, сол арқылы се-міздіктің алдын алуға жәрдемдеседі.
Асқабақ құрамындағы пектиндер — холестериннің «жауы». Сондықтан дәрігер-лер оны атеросклероздың алдын алу мақсатында да пайдалануға кеңес береді.
Үшіншіден, асқабақ — каротинге бай көкөністердің бірі. Ал каротиннің көздің көру қабілеті үшін аса қажет зат екені белгілі. Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша, каротиннің онкологиялық аурулардың алдын алуға септігі тиетін қасиеті де бар.
Тағы айтсақ: ежелгі Үндістанда асқабақ жастық шақты ұзартатын көкөніс санал-ған екен. Бүгінгі ғылым мұны асақабақ құрамындағы Е витаминімен байланысты-рады: бұл витамин күшті антиоксидант боп табылады.
Асқабақ құрамында Е витаминінен өзге, С және В тобы витаминдері бар.
Микроэлементтерге келсек, асқабақ жұмсағында жоғарыда аталған темірден өзге, магний, калий, кальций, фосфор және фтор бары анықталған.
Жалпы, асқабақтың 100 грамында: 5,1 мг Е витамині; 400 мг каротин; 450 мг кальций; 43 мг С витамині; 0,07 мг В1 витамині және 0,09 мг В2 витамині бар.
Асқа¬бақтың шипалық қасиеттеріне тоқталсақ, жүрек әлсіздігінен жүдеген-дерге ем ретінде қолданылатын асқа¬бақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» дә-рігерлер отқа немесе суға күйген науқастарға жарасын таңуға кеңес береді.
Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге кө-мек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптыр-майтын ем.
1. Ішек құртынан құтылғыңыз келсе......
200 грамм кепкен, өткен жылғы тазаланған, ұсақталған асқабақтың дәні, 100 грамм какао, аздаған қант, бірнеше тамшы су құйып араластырып, жұқа 20 шелпек жасап, қант себеді. Бірінші күні ештеңе ішіп - жемеу керек. Ертеңіне таңертең 1, 5 - 2 үл-кен қасық касторка майын ішіп, шелпек жеңіз, әр минутта біреуден бітіргенше, құрттар тез шығады. 200 грамм асқабақ дәнін итбүлдіргеннің шырынымен аралас-тырып, қою ботқа жасайды. Кешке жатарда тұздалған балық жеп, таңертең ботқа-ның жартысын жейсіз, тағы 1 сағаттан соң қалғанын жеп, 2 сағат жату керек. Сағат таңертең 8 - де 1 үлкен қасық касторка майын ішкен жөн.
Сондай - ақ жусанның жапырағы мен асқабақтың дәнін бірдей мөлшерде алып, бөтелкеге арақ құйып, 1 апта жылы жерде не күннің көзіне тастайды. Аш қарынға күніне 2 рет 50 грамнан ішеді, құрттар шығады.
2. Жүрек ауру.
Жүрек - тамыр аурулары мен бүйректің әр түрлі аурулары үшін пайдалы. Асқа-бақтың калориялығы төмен, сондықтан одан жасалған тамақтар семіздіктен зардап шегушілер мен толысуға икем адамдар үшін пайдалы. Асқабақты асқазан мүшелері ауырған кезде емдік тағам ретінде пайдаланады, өйткені, онда клетчатка мен орга-никалық қышқылдар аз, ал мұның өзі ішектің шектен тыс ауруына жол бермейді, ішек пен қарынның шырышты қабығын түршіктірмейді.
3. Бөртпеге, безеуге, экземаға, қабыну процестеріне, күйік пен үсікке қарсы.
Жас асқабақтың үгілген жұмсағы денедегі бөртпеге, безеуге, экземаға, қабыну процестеріне, күйік пен үсікті басады. Дәндерінің қайнатпасын гельминтоздарды емдегенде қолданады.
Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қар-сы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жояды
4. Ұйқысыздыққа қарсы сусын
Ұйқысыздық мазалаған жағдайда да асқабақтың көмегіне жүгіне аласыз. Ол үшін асқабақ қайнатылған суға бал қосып, араластырыңыз. Жатар алдында стакан-ның үштен біріндей ғана мөлшерде ішу керек.
Асқабақ қуықта тас жиналмауы үшін де пайдалы саналған. Бұл оның құрамында су мен калийдің мол болуымен түсіндіріледі.
Жиі іш қатқан жағдайда, асқабақты шикі күйінде пайдаланады: 250-300 гр асқабақты үккіштен өткізіп, үшке бөліп, күніне үш рет, тамақтан бұрын жеу керек.
5. Теріге кіре өскен тырнақ
Бас бармақтың қисық өскен тырнағы теріге кіре өсуі аяғыңызды ауыртып,мазаңызды алуы мүмкін.
Асқабақтың ішінен бір бөлігін тіліп алып,тырнақ үстіне қойып,полиэтилинмен қаптап орап тастау керек. Сол оралған аяқпен 2 күн жүреді.Үшінші күні тері жұмсарып,тері ішіне кіріп кеткен тырнақ оңай алынады.
1.4. Асқабақ дәнінің пайдасы
Кукурбитиннің пайдасы
Әсіресе, асқабақ дәні емдік мақсатта кеңінен қолданылады. Ғасырлар бойы оны ішек құрттарына (глист) қарсы дәрі-дәрмек орнына пайдаланған.
1.Ішек құртымен күресе алады.
Асқабақ дәнінің 300 грамын ұнтақтап, үстінен бал қосып, әбден араластырады. Мұны бір сағат бойы аз-аздап қана аш қарынға жеу керек. Ал 4-5 сағаттан кейін майсана (кастор) майын ішіңіз.
Асқабақ дәнінің ішек құрттарына қарсы қасиетін ғылым да мойындайды. Мұның сыры оның құрамындағы кукурбитин аталатын затпен байланыстырылады.
2.Асқабақ дәнінің құрамында мырыш көп.
Ал бұл элемент жетіспеген жағдайда, ағ-заның тартар зардабы аз емес: шаш түседі; бетке безеу қаптайды; сондай-ақ мырыш тапшылығы ойлау қабілетіне, көзге, ас қорыту мүшелерінің жұмысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан мамандар ағзада мырыш тапшылығының алдын алу мақсатын-да да асқабақ дәнін жиі пайдалануға кеңес береді.
3. Асқабақ дәні 28 пайыз белоктан тұрады. Бұл оның құнарлылығын арттырады. Асқабақ дәнінен даярланған «Тыквеол» дәрісі медицинада бауыр ауруларын емдеу-ге, сондай-ақ биологиялық белсенді қоспа ретінде де қолданылады. Ал асқабақ дәнінен әзірленген май туберкулез, ішек дерттеріне қарсы пайдаланылады.
Ескерту!
Асқазан-ішек жолдары қатты бұзылған, ішек жолдары зақымданған,асқазан шырынының қышқылдығы жоғары адамдарға асқабақ дәнімен әуестенбеуге кеңес беріледі.
Сөйтсе де, асқабақты емдік мақсатта пайдалану үшін, міндетті түрде дәрігермен кеңесу керектігін ескертеміз. Мысалы, асқазан жарасы бар, т.б. созылмалы дерттерге шалдыққан жандар асқабақты өте аз мөлшерде ғана пайдалана алады.
Қалай сақтау қажет?
Басқа көкөністерге қарағанда, асқабақтың бір артықшылығы — ұзақ сақталатыны. Асқабақ бөлме ішінде де бірнеше ай бұзылмай сақталады. Сөйтсе де, құрамын-дағы пайдалы заттар өз қасиетін жоймас үшін, асқабақты қоңыр салқын (+15 пен +2 градус аралығында), қараңғы,құрғақ жерде сақтаған жөн.
Асқабақты сақтағанда, күн сәулесі тікелей түспейтін жер таңдап алыңыз. Сондай-ақ асқабақтар бір-біріне тақалмай, аралары ашық тұруы тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, әрбір өсімдікті егіп, көп өнім алуға, тағамдық жағына емес, сонымен қатар шипалық, емдік, дәрілік қасиеттетерін пайдалана отырып адамдарға ұсынамын.
«Бабын тапсақ, байлық жерде» деп халық бекер айтпаған. Жалпы, халық медицина-сына пайдаланып келген шипалы шөптермен емдеу мәселесі бүгінгі таңда өзіндік назар аударуды талап етер мәселе болып саналады.
Мен осы асқабақтан шырын дайындадым. Асқабақ шырынына дәнінде қосамын. Асқабақ шырынына сәбіз бен дәміне қарай балда қосамын. Бұл шырынды қыста дайындап үнемі пайдаланып отырамыз. Бұл асқорыту жүйесін тазалап, көздің жақсы көруін жақсартады.Іш қатқан кезде пайдалы.
Ұсыныс
1.Асқабақтың құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер көп болғандықтан асқабақтың түрлері жерімізде көптеп өсірілсе
2. Асқабақтың емдік қасиеттері баспа беттерінде, теледидарда кеңінен насихатталса
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қайымов Қ. Қызықты зоология.- Алматы: «Мектеп», 1974
2.Қ.Қайым. Биология Алматы. Атамұра 2003 ж
3. Пайдалы кеңестер. 2/2011 24-бет
4. Бала тәрбиесі. 10.2013 48-бет
5. Пайдалы кеңестер. 10/2013 21-бет
6. Пайдалы кеңестер. 09/2009 24-бет
Жармыш орта мектебінің
оқушысы Мусақызы Әселдің
«Асқабақтың дәрілік қасиеті » атты зерттеу
жұмысына берілген
Пікір
Оқушы Мусақызы Әселдің «Асқабақтың дәрілік қасиеті» атты шығармашылық зерттеу жұмысына пікір білдіре отырып, жұмыстың сапалы жасалғанын айтуға болады. Зерттеу жұмысының берері көп екеніне көзім жетті. Шығармашылық зерттеу жұмысында асқабақтың халықтық ем мен медицинадағы қолданысы, оның пайдасы, химиялық, биологиялық құрамы айтылып, жұмыс кызықты мәліметтермен толықтырылған. Зерттеуші Әсел өз жұмысын қорыта келе, асқабақтың пайдасын дәлелдеуде пайдалы шырын жасап де жасап көрген.
Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалім
Шанкеева Арайлым Алиевна
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі