- Неге ұрма деп айтпайсың? Ағай, ұрмаңыз, ұруға қақыңыз жоқ деп айтсайшы. Қаланың балдары болса ғой, сазарып тұрып алар еді, "ағай, ұрмаңыз, ұруға қақыңыз жоқ" деп. Сендердің осы мінездерің жақсы.
Бірақ бүгінгі бұзықтығың бар ғой...
Мен сені әке-шешеңнің көзінше сабап ала аламын ғой. Әке-шешең қолымнан ала алмайды сені. Әкең құрдасым ғой.
Әкең қайда, айтпақшы?! Үйде дейді? Жұмыс қайда?! Аяғына айыр кіргізіп алды?! Резеңке етіктен кіріп кетіп жүр ме айыр? Әкеңнің
көзі нашарлайын деген бе, не?
Әкеңе айт, шөбімді әкеп берсін! Ағай айтып жатыр де. Шөбімді әкеп берсін деп жатыр де. Үйге барған соң құлағын бұра папаңның.
Айтпақшы, көлікті сенің өзің де ұршықша үйіреді екенсің ғой. Онда сен әкеп бер шөбімді.
"Бес" дейді?! Е, бала, аузыңды кең ашпасайшы. Сен әуелі "төрт" сұрасайшы. Мен сені "үшке" әрең үлгертіп жүрмін ғой. Ертең саған "бес" қойып жатсам, жұрт айтпай отырмайды, құрдасының баласына "бес" қойып жатыр деп.
Сен өзің өмірге қарасайшы көз жүгіртіп. Адамдар деген кішкентай-кішкентайдан ұрлайды алдымен, кішкентай-кішкентайдан көшіріп алады. Сосын барып марқұм болып кеткен ұлылардың еңбегіне ауыз салады. "Жатқан жерлерің жайлы болғырлар, бізге шарапаттарың тиіп жатсын". Тұтасымен көшіріп алады.
Адам деген сөйтіп-сөйтіп еңбектенеді ғой, сөйтіп-сөйтіп жүріп ізденеді.
Баяғыда үш қыздан кейін сен туғанда, біз неге қуандық дейсің? Өңкей құрдастар болып сенің үйіңде неше күн той жасағанбыз, әкеңді ортаға алып. Содан қой, шығайық деп, әкеңді ертіп алып шыққанымызда, бесікте жатқан сені бесігіңмен қосып ала кетіппіз. Шешең аяғына гәлөшті іле салып, екі өкпесін қолына алып, еңкілдеп қуып жеткен сонда.
"Жындысыңдар ма, баланы ала кеткендерің не?" дейді.
"Ау, жүре берсін бізбен бірге. Көре берсін өмірдің қандай болатынын осы бастан".
Сонда сыртта 30 градус аяз. Қыңқ етіп ауырмапсың. Неге ауырады екенсің?! Ниет дұрыс болып тұр ғой. Бәріміз сен өмірге келді деп, сенің үстіңе түсіп кеткелі жүрміз. Адамның ниетіне байланысты ғой бәрі. Ниет дұрыс болып тұрса, жаманшылық шегінеді.
Сөйтіп өмірге келген баласың ғой сен деген. Енді мынау - ағайыңның шөбін әкеліп беруге жарағалы тұрсың.
Бірақ бүгінгі бұзықтығың бар ғой...
Біз саған жаман болсын деп айтпаймыз. Әке-шешең де соны айтады. Сен үміт күтіп отырған баласысың ғой.
Қазір қайт үйіңе. Әкеңе ескерт шөп туралы. Ана қорадағы жалғыз сиырдың сүтіне қарап отыр шиеттей бала. Ағайыңның жалғыз айлығы не болады?! Сөйтіңдер, шөбімді әкеліп беріңдер.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі