Туған күніңмен, ару қала – бас қала!
Астана – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны асқан асқар шыңы, елдің жүрегінде соққан мәңгілік дүрсіл, болашаққа бастайтын нұрлы жол. Аз ғана уақыттың ішінде ол көкпен тілдескен зәулім ғимараттары мен самал желмен сырласқан кең даңғылдары арқылы әлемді тамсандырған сәулетті шаһарға айналды. Әсем келбеті, айрықша архитектурасы мен асқақ рухы Астананы ертегідей көркем, келешектей кемел қалаға айналдырып келеді.
Бас қала – білім мен ғылымның шамшырағы. Мұнда Назарбаев Университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және басқа да жоғары оқу орындары мыңдаған жасқа сапалы білім беріп, арманын қанаттандырып, болашақтың биігіне жетелеп келеді. Сондықтан Астана – үміттің оты маздаған, жастардың жарқын мұраттары тоғысқан мүмкіндіктер мекені.
Жыл сайын елордада жаңа тұрғын үйлер, мектептер, саябақтар мен мәдени орталықтар бой көтеріп, қала көркі күннен күнге құлпырып келеді. Экологияны жақсарту, цифрлық технологияларды дамыту және жайлы орта қалыптастыру бағытындағы игі істер Астананың келешегі кемел, келбеті көркем екенін айқын көрсетеді. Бұл – жаңарудың жыры, өркендеудің өрелі өрісі.
Туған күніңмен, ару қала – бас қала! Сен әрдайым бейбітшілік пен бірліктің, өрлеу мен өркендеудің, жаңашылдық пен жасампаздықтың мәңгілік символы болып, Қазақстанның гүлденуіне қызмет ете бер. Біз сенің әр жетістігіңді мақтанышпен қарсы алып, болашағыңның бұдан да биік, бұдан да нұрлы болуын тілейміз.

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі