Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік жолындағы алаш зиялылары

XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып,отаршылдықтың нәтежесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестіру,қазақ халқының  мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен  таныстыруға ұмтылды.

"1905-1906 жылдары, мен, кейбір қазақт студенттерімен бірге Орал қаласында үгіт жұмыстарын жүргізіп, халыққа елде болып жатқан оқиғаларды түсіндірдімі."Фикр"және "Уральский листок" газеттерінде мақалалар жарияладым. 1906жылы қырда ауылдарды аралап жүргенімде по жылылицияның көзіне де саяси жұмыс жүргізуіме тиым салынды". Бұл құжат қазақ интеллигенциясының алғашқы легінің Халел Досмұхамедов, Әлихан Бөкейханов , Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Жаһанша Досмұхамедов сияқты белгілі өкілдерінің көпшілігі ғасыр басындағы  Ресейде орын алған саяси хал-ахуалға сергектікпен әлі сын көзімен қарағандығын,ал содан кейін барып қандай саяси ұйымнан үлгі алу мәселесін шешкендігін көрсетеді.

Солардың алғашқы көрінісінің бірі  1305 жылдың соңында Орал қаласында  өткен Ә.Бөкейханов, Ж. Сейдалин, М.Дулатов, Б.Сыртанов сияқты қазақ зиялылары өкілдерінің бес облыстық делегаттар сьезі аталған бас қосуды  жасаған қазақ конституциялық –демократиялық партиясын құру жөнінднгі әрекеті болды.Бұл әрекет сол кезде Петербургте оқуда болған Халел Досмұхамедов тарапынан да қолдау тапты.

1905 жылдың күзінде Ақмола облысының орталығы Омбы қаласындағы митингтен кейін Ж.Ақбаев Павлодар-Қарқаралы бағыты бойынша үгіт жүргізу сапарына шықты.Осы сапар  барысында 1905 жылы қарашаның 7- сінде Павлодар болған қалалық митингіде бостандық идеясы уағыздаған және жергілікті әкімшілікті қайта сайлауды талап еткен сөз сөйлейді,осы мазмұнды сөздерді ол қарашаның 11-інде Баянауылда,14-інде Қарқаралыда көп адам қатынасқан  жиналыстарда да айтты.Қарқаралыдағы митинг 14,5 мың адам қол қойды.

1905-1907 жылдар Қазақстанның саяси өмірі  мен ұлттық интеллигенцияның тарихында  1 және 2 мемлекеттік Думаға сайлауға дайындық пен оны өткізуге байланысты оқиғалар ерекшеленді.

Бірінші дүние жүзілік соғыстың басталуы, оған байланысты отарлық езшгінің күшеюі , соғыс мұқтаждарына жиналатын алым-салықтардың қисапсыз өсуі  ҚАЗАҚ төңірегіне топталған ұлттық-демократиялық интелегенцияның жағдайын күрделендірді.

Ал ҚАЗАҚ газетінің төңірегіне топтасқан либералды-демократиялық интелегенциялық өкілдерінің жетекшілері патша жарлығы мен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына байланысты радикал интелигенттер сияқты батыл әрекеттерге бара қойған жоқ.

1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демократиясы қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша өкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша өкіметінің саяси жүргізуімен болды.

Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы.Біз Алаш ұранды жұрт жиналып , ұлт автономиясын тікпек болды.

Жаңадан құрылған партия АЛАШ деген атқа ие болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесше сьезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Досмұқанмед сайланды.

Осындай жағдайда 1917 жылы шілденің 21-26-сында Орынбор қаласында өткен бірінші бүкіл қазақтық сьезд Алаш партиясы құрылды.

                 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қойгелдинов М.К   Алаш қозғалысы –Алматы Санат  1995.  303-бет.

2. Нысанбаев Ә  Қазақ  газеті - Алматы  1998.  560-бет.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

keмaл

Мaгaн бул caиыт унaды оcынын apkacындa oзыме kepekты мaлымет aлдым

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз