Google компаниясы “The Graduate” Интернет-маркетингі аясында мамандарды даярлау бағдарламасына байқау жариялайды. Студенттер 3 ай көлемінде Интернет-маркетингтің қыр-сыры мен ғаламторда тауарлар және қызметтерді тиімді жылжытудың әдісін үйренеді. Сабақтар Google-дің ресми жаттықтырушылары мен қызметкерлері басшылығында өтетін болады.
Бағдарлама бірнеше сатыдан тұрады: ең алдымен, студенттер бірнеше вебинарларға қатысады және өздерінің таңдаған жобаларына үй жұмысын орындайды. Содан соң, бағдарлама қатысушыларына жарнама компаниялары мен жергілікті бизнесте тәжірибеден өту ұсынылады. Соңында, ең үздік нәтиже көрсеткен талапкерлер еліміздің жетекші компанияларында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.
Бұл шараға қатысуға еліміздің барлық жоғары оқу орны студенттері шақырылады. Тіркеу бағдарламаның сайтында өтеді: https://events.withgoogle.com/the-graduate/ Ең алғашқы тіркелгендер бағдарламаны қосуға арналған шараға қатысады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі : 20 қаңтар 2016 дейін
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі