Бүгін Мәскеуде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігінде «Молодая гвардия» баспасының «Жизнь замечательных людей. Биография продолжается» сериясынан «Нұрсұлтан Назарбаев» кітабының таныстырылымы өтті.
Кітап авторлары - Еуразия Экономикалық комиссиясы энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр), саясат ғылымдарының докторы Тайыр Мансұров және Қазақстан Жазушылар одағының басқарма хатшысы, қазақстандық «Простор» әдеби журналының бас редакторы Валерий Михайлов.
Туынды еліміздің жаңаша тарихының айтулы тұстарын сиппаттайтын бай материалдардан тұрады. Кітап Нұрсұлтан Назарбаевты саясаткер тұлға ретінде ғана емес, отбасын, мектептегі оқушы кезін, еңбекке араласқан жастық шағын айтып береді.
Тұсаукесерді салтанатты түрде ашып сөз алған Ресейдегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин бұл шығарманың - әлемдік саясаттың ірі тұлғасы, сұңғыла стратег Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянынан сыр шертетінін атап өтті. Кітап Қазақстанның ел Президенті құрған жүйелі негіздегі жаңа жаңғыру кезеңіне аяқ басқан сәтінде жарыққа шығуы айрықша мәнге ие.
«Меніңше қазір қолға алынған жаңғырту кезеңі ауқымы жағынан 1990-шы жылдардағы Қазақстандағы алғашқы реформаларына тең келеді. Ауыр кезеңдегі қиыншылықтар осы шығармада толық әрі тартымды суреттелген», - деді М.Тәжин.
Елші кітап авторлары мен баспахана өкілдеріне алғыс айта отырып, оның тарихшыларға ғана емес, сарапшыларға, мұрағатшыларға және қалың оқырман қауымға да қызғылықты екендігіне мән берді.
«Молодая гвардия» ААҚ-ның Бас директоры Валентин Юркин кітаптың өз баспаханасында шығуын үлкен мәртебе санайтындығын атап өтті.
«1991 жылы біздің баспаханада Нұрсұлтан Назарбаевтың «Без правых и левых» атты бірінші кітабы шыққан еді. Сонда Президент одақтың ыдырауы тұсында ашық әрі сұңғыла түрде нақты жағдайда негіздеп беріп еді» - деп еске түсірді ол.
Т.Мансұров Президент Н.Назарбаев туралы кітаптар көп шыққандықтан авторлардың алдындағы міндеттің жеңілге соқпағандығына тоқталып өтті. Оның айтуынша, өмірбаянда бұған дейін көпшілік қауымға белгісіз болған көптеген деректер келтірілген.
«Кітапты жазуда менің Қарағандыда дүниеге келгенім, Нұрсұлтан Әбішұлы еңбек жолын бастаған Теміртауда көп болғаныдығым септігін тигізді. «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы болған кезімде Президентпен бірге көптеген сапарларға барғандығым маған осыншама алып тұлғаны танып-білуге мүмкіндік берді», - деді ол.
Ресей мемлекет қайраткері, белгілі дипломат Борис Пастухов, тұсаукесерде сөйлеген сөзінде, авторлардың қазіргі заманның ұлы тұлғасын, әрі Қазақстан халқының ұлылығын сомдай алғандығын атап өтті.
«Кітап Қазақстанның бүгінгі жетістіктерінің феномені, факторы Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстылығын атап өткен», - деді Б.Пастухов.
Кітап тұсаукесеріне қатысушылар туындының өз оқырмандарын табатына сенімді екендіктерін айтып өтті. Баспагерлердің айтуына қарағанда, бұл шығарма жетекші ресейлік кітапханаларға, сондай-ақ Ұлыбритания, Германия, Италия, Испания, АҚШ және ТМД елдерінің белгілі кітапханаларына жіберілген.
inform.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі