Өлең, жыр, ақындар

Елордалық оқушылар арасында «Абыз - домбыра» ІІ қалалық күйшілер мен ән-термешілер байқауы өтуде

Қазақ халқының ән-күй өнерін насихаттау мақсатында Астана қалалық білім басқармасының «№1 өнер мектебінде» 2016 жылдың 19-20 қаңтары күндері «Абыз - домбыра» ІІ қалалық күйшілер мен ән-термешілер байқауы өткізілуде,- деп хабарланды Астана білім басқармасы сайтында. 

Байқаудың мақсаты - аспапта орындайтын өнерпаздардың қазақ ән-күйлерінің шығу тарихын білу, сөйлеу және әңгімелеу мәдениетін дамыту, мектеп оқушыларын халық мәдениетіне баулу. Байқауға Астана қаласы жалпы білім беретін мектептерінің 7 - 13 жас аралығындағы оқушыларынан 50-ге жуық талапкерлер бақтарын сынауға өтініш берді», - делінген сайт хабарламасында.

Байқау 2 жанр бойынша өткізіледі. Біріншісі - дәстүрлі ән, термешілер, екіншісі - күй өнері. Байқау талаптары бойынша әділ қазылар алқасы байқау талапкерлерін  шығарманы орындау шеберлігінің сапасы, сахна мәдениеті, сахналық киім үлгісі өлшемдері бойынша бағалайды.

Байқауда үздік өнер көрсеткені және белсене қатысқаны үшін талапкерлер Астана қалалық білім басқармасының дипломымен марапатталады.

Оқу - тәрбие жоспарына сәйкес өткізіліп отырған қалалық мектеп оқушыларының арасындағы  домбырашылар байқауын жоғары дәрежеде, татулығы жарасқан шығармашылық қалыпта өткізу жоспарлануда


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар