Қазақстан Республикасында 2015-2016 оқу жылының басына 127 жоғары оқу орны жұмыс істейді, ондағы студенттердің жалпы саны - 459 369 адамды құрап отыр. Соның ішінде бакалавр дәрежесіне оқитындар саны - 414 772, жоғары арнайы білім алып жатқандардың саны 39 344 адамды құрайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен хабарланды.
Келтірілген мәліметтерге қарағанда, меншік түріне қарай жоғары оқу орындарының 50-і мемлекеттік болып табылады, оларда 216 879 студенттті құрайды. Оқитындардың жалпы санынан қыздардың үлесі 55,9 пайыз, жігіттердің үлесі 44,1 пайызға тең.
Сонымен қатар, мемлекеттік білім гранттарының және білім беру тапсырысы есебінен 137 778 адам білім алуда, бұл студенттердің 30 пайызын құрайды, ақылы негізде 316 338 адам оқиды. Ал күндізгі бөлімде білім алатындардың үлесі 78 пайыз болса, 15,4 пайызы - сырттай, 6,6 пайызы кешкі түрі бойынша оқиды.
«Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі 62,7 пайызды, орыс тілінде 34,3 пайызды және ағылшын тілінде оқитындар 3 пайызды құрайды. Сонымен қатар, республиканың жоғары оқу орындарында 85-тен астам ұлт өкілі білім алады. Олардың ішінде қазақтардың үлес салмағы 85,1 пайыз, орыстар - 7,7 пайыз, өзбектер - 2,2 пайыз, татарлар және украиндар - 0,6 пайыз, өзге ұлттар 3,8 пайызды құрап отыр», - делінген баспасөз баянында.
Айта кетерлігі, жоғары оқу орындарында штаттағы профессорлық-оқытушылық құрамның саны 38 087 адам болып табылады. Оның ішінде қоса атқарушылық қызмет бойынша 5 250 оқытушы жұмыс істейді. Жалпы профессорлық-педагогикалық құрамнан ғылым докторы - 9,4 пайыз, ғылым кандидаты - 37,7 пайыз, профессор дәрежесі - 6,1 пайыз және доцент атағы бар - 17,1 пайыз. Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылардың саны - 10 108 адам немесе 26,5 пайыз, философия докторы (PhD) және бейін бойынша доктор - 1 273 адам немесе 3,3 пайызға тең.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі