Сіздің балаңыздың бақытты балалық шағы бүкіл өмір бойына есінде қалуы үшін не істеуге болады:
1) Жұлдыздарға қарау
2) Өсімдіктердің қалай өсіп жатқанын бақылау
3) Биік мұз шыңынан бірге сырғанау
4) Суды қысыммен мұздарға шашып еріту
5) Қалың қарға дене ізін салу
6) Қағаздан түрлі дене үлгілерін қию
7) Көлеңкелерден театр көрінісін қою
8) Дәптерге мульфильмдер салу
9) Тоңазтқыштың қорабынан үйшік құрастыру
10) Бөтелкелерден су тамшыларын шашып ойнау
11) Құстардың сайрағанын бірге тыңдау
12) Ағашты сілкіп балаңыздың үстіне жапырақ (қар, жаңбыр) жаудыру
13) Күннің атысы мен батысын бақылау
14) Жарқыраған әсем айға қарау
15) Бұлттарды көзбен шолып, олардың неге ұқсайтынын салыстыру
16) Батпырауық жасау
17) Қараңғыда фонарьмен жарық қылу
18) Балық аулауға бару
19) Құстарды тамақтандыру
20) Жанған оттың айналасында отырып, картоп пісіру
21) Қолынан ұстап айналдыру
22) Құмнан үлкен сарай салып беру, құм ішіне қазып кіру
23) Бос бөтелкеге үпіру
24) Бір сөзді басқа сөзге айналдыру үшін тез - тез қайталау
25) Үлкен көлеңкелерге таң қалу және көлеңкелермен қуаласпақ ойнау
26) Көлшіктің ортасына секіру
27) Хормен ән салу
28) Сүйікті ойыншығын жөндеп беру
29) Сабынсу көпіршіктерін шашу
30) Жатарда ертегі оқып беру
31) Талға өрмелеу
32) Армандары жайлы әңгімелесу
33) Аспанға әуе шарын жіберу
34) Балалар мейрамын ұйымдастырып беру
35) Балаға өз киімін кидіру
36) Қыста ұлпа қарлармен атысып ойнау
37) Түскі тамақ алдында тәтті нәрселер жеу
38) Қағаздан желге айналатын айналғыштар жасау
39) Жастық ,көрпелерден кішкене үй жасап беру
40) Баласы көп үйге қонаққа бару
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі