Michelin компаниясы 15 жыл бұрын желі шығып кетпейтін дөңгелек жасауды ұйғарады. Сол кезден бері компания өндіріп жатқан прототиптер БАҚ өкілдерінің назарын жиі аударып келеді, ал әскерилер бұл технологияны 2013 жылдан бері қолданады – алайда нарықтың тұтынушылық және іскерлік сегменті бүгінге дейін оған қол жеткізе алмаған.
Бірақ өзгеріс болды. Өткен жылдың қарашасынан бері Michelin ауасы жоқ шиналар мен дөңгелектерді шығара бастады, оларға «X Tweel» деген атау берілді – олар қазірдің өзінде кейбір коммерциялық көліктерге салына бастады. Michelin тек ауасы жоқ шиналарды шығаратын фабриканы құру үшін 50 миллион доллар қаражат жұмсаған.
Әдеттегі пневматикалық шиналарға қарағанда, X Tweel деформацияланатын полиуретан сымдарын қолданады, сыртқы бөлігі темір мен резеңкеден, ал осі тығыз металлдан тұрады. Сыртқы бөлігі қысымның көп бөлігін ұстап қалады, ал сымдары мен осі дөңгелек қандай да бір кедергіден өткенде түрлі бөліктерін үлестіріп алады.
John Deere – X Tweel технологиясына назар аударып, ZTrak шөп қырқу құрылғысына қолданып жүрген алғашқы компаниялардың бірі. «X Tweel өзге шиналарға қарағанда екі-үш есе көпке шыдайды», - дейді X Tweel менеджері Чейз Тью.
Әзірше X Tweel баяу қозғалатын техникаға қолданылады. Оларды өндіруді қарашада бастаған фабрика жүк тиейтін аппараттар мен шөп қырқу құрылғысына арнайы өндіреді (үлкен жылдамдықта ауасыз шиналар вибрацияға ұшырап, зор дауыс шығарады). Алайда Michelin өндірісінің желісін кеңейтуді жоспарлап отыр – тіпті автомобильдерге ауасыз дөңгелек жасауға дейін бармақшы екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Мнеин есимим Колия Нурбек
Бул донгелектин сапасы жаксы болса болады екен ал сапасы жагинан онша жаксы емес сиакты
Аидар
Магниттік дөңгелектен əлсіз.көрнет
Аидар
Магниттік дөңгелектен əлсіз.көрнет