Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі ауысты

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің білім және ғылым министрі ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта. Айта кетейік, осыған дейін бұл қызметте Аслан Сәрінжіпов болған еді. 

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев 1966 жылы 29 қыркүйекте дүниеге келген. 1990 жылы "Экономика" мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған, біліктілігі экономист. 1993 жылы Миннесота штатының Университетін бітірді, АҚШ-тың Миннеаполис қаласында Қолданбалы экономика департаментінің ғылым магистрі ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 1990 жылы Сыртқы істер министрлігінің Қолданбалы экономика департаментінің халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі екінші хатшысы лауазымынан бастаған. Дүниежүзілік банкінің ауыл шаруашылығы департаментінің ахуалын талдау жөніндегі ассистенті, Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің кураторы болған (АҚШ, Вашингтон қаласы). 2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін "Жаңа технологиялар. Қазақстан" АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы болды, бас директордың лауазымын атқарған. 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарған. 2014 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Дəулет

5-6 айдан тағы ауысады ұнамаса.Ол да бір заң шығарады.

шәріп

Мен осы министрликке (билим жане гылым)шагымым бар.. Отпен ойнап отырсындар. Балдарды барин тупой кылатын болдындар. сиздердин жана тех-я деп ойдан шыгарган методтарын мугалымдерди куйдіріп бітті. қарғыс астында қаласындар. ең жаман балағаттау сөздері болса бәрінде пайдалансақта сөз жетпейді білдіріп отырған былықтарыңа.. міністрдің жеке блогына тастаңыз, лично жеткізіңіз... жоғарыға секірме жығылсаң қатты түсесің оңбайсын. сіздер тақлид қылып тұрған европаның салт дәстүрі, тұрмыс тіршілігі бізге мүлде жат, тұра келмейді. бұзылып біткен келешегі жоқ бір қауымға ұқсауға тырысып отырсыздар. әңгіме көп айтсам. оқұлықтардың сапасы бәрі бәрі.... министрликке әнгімем көп... карочи жургизип отрган саясаты жумыс істеу әдісі дұрыс емес... ойланыңдар... президентке лично жазам. ,,/,,

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар