Өлең, жыр, ақындар

Компьютер балаға не үйрете алады?

Атырау қаласы

№4 облыстық мектеп-интернатының

8 б сынып оқушысы

Самиғолла Гүлзира Базарбайқызы

Жетекшісі: Қарасаева Райгүл Құлқайырқызы

информатика пән мұғалімі

 2-ден 6 жасқа дейін балақайлар компьютерді меңгере бастайды. Сандарды, әріптерді, әр түрлі белгілерді үйретуден бастауға болады. Ол үшін сізге мәтіндік редактор керек. Уақыт өте келе бала толық сөздерді жазады, кейін сөйлемдерді. Сонымен бірге ол  қатесін көріп, оны өзі түзей алады. Тінтуірді басқару арқылы балақайдың әрекетін жетілдіруге болады. Белгілі болғандай бала ойын арқылы үйренеді. Бүгінгі таңда ой-өрісті жетілдіретін неше түрлі ойындар бар. Солардың көмегімен көптеген ғылымның ежелерін тануға болады:  геометрия, шет тілі, арифметика, грамматика.

Paint редакторын қолдану арқылы сурет салуды үйренуге болады. Өйткені жаққышқа қарағанда тінтуірмен сурет салу қиындау. Бұл өз кезегінде қолдың моторикасын жетілдіреді. Пазлдар қағидасы бойынша суреттерді жинау, логикалық ойлауды дамытады. Белгілі бір бейнелерді реттеу немесе керек жердің бояғын аяқтау, қиялды дамытады. Ал музыкалық ойындар музыкаға деген махаббатты оятып, ноталарды жаттауға ықпал етеді.

6-дан 9 жасқа дейінгі балаларға ақпаратпен жұмыс істеуді үйретуге болады. Басында ойын түрінде үйреткен жөн. Балаға өз бетінше папка мен файлдарды ашуды үйретіңіз. Компьютер арқылы ойын ойнау ғана емес, көптеген қызық ақпаратты білуге де болатынын түсіндіріңіз. Қазір бала ойнап, қосымша әлемдік торды меңгеретін балаларға арналған сайттар көп. Біртіндеп іздеу жүйелерін қолдануды үйреніңіздер. Сол арқылы бала өзіне керек ақпаратты алады емес пе?! Сонымен қатар логикалық ойлауды да дамытады. Өйткені "іздегіш" сұраққа жауап бермейді, ол тек жалпылама сөздерді іздейді. Осы жаста оның өзін жалғыз компьютердің алдында қалдыруға болмайды, ол әлі көп нәрсе білмейді. Вирусқа толы бағдарламаны жүктеп  алуы мүмкін. Екеулеріңізге бірге отыру қызық болады, ал балаңыз түсінбегенін әр кез сізден сұрай алады. Шамамен, 9-дан 12 жасқа дейінгі балалар әлемдік торда "жүзе" алады. Ол онда жүзбей тұрып, бірнеше нәрсені ұмыттырмаңыз. Біріншіден, вирустар жайлы айтыңыз. Екіншіден, интернетте тек қана жақсы ниеттілер отырмайтынын айтыңыздар. Поштаға әдейі зиянкес тасушы хабарламалар (спам) жіберетіндер барын да түсіндіріңіз. Егер бала таныс емес кісіден хабарлама алса, үлкендерді көмекке шақырсын. Егер абайсызда бір түймені басып қойып, бір нәрсе бүлдірсе, балаға ұрыспаңыз, тек келесіде абай болуын сұраңыз.

Кейбір балалар табиғатынан ұяң келеді. Айналадағы адамдармен сирек байланысқа түседі, қатарластарымен тіл табыса алмайды. Әр түрлі чаттар арқылы араласу, оларды аша түседі. Олармен неше түрлі бағдарламалар арқылы араласу (мысалы, Skype), компьютерлік бағдарламаларды танып білуге ықпал етіп, кейінгі өмірлеріне керек болады. Бірақ бақылауды ұмытпаңыздар. Егер сіздер осы бастан балаға компьютер алдында жұмсайтын уақытты қадағалауды үйретсеңіз - бұл керемет болар еді. Алайда кез - келген бала өз-өзін қадағалай алмайды. Осындай жағдайда балаға компьютерді сөндіру керектігін еске салып отыратын бағдарламаларды қолданған жөн.

13 жастан бастап, балаға компьютерді өз еркімен қолдануға рұқсат беруге болады. Ол бірнеше сағаттап өзіне қызық бағдарламаларды зерттеп отыруы мүмкін. Бұл қасірет емес. Мүмкін, ол өзінің болашағын ақпараттық технологиямен байланыстырғысы келетін шығар, сол кезде компьютер оның нағыз досына айналады. Оны ұрсудың қажеті жоқ, оның таңдауына сыйластықпен қарайтыныңызды білдіріңіз. Бірақ таң атқаннан, кеш батқанға дейін компьютердің алдында отыру денсаулыққа зиян екендігін түсіндіре біліңіз.Осы жаста интернеттегі саяхат, чаттағы араласудар балаларды көп қызықтырмайды. Оларды көбіне әлеуметтік желілер және онлайн ойындар қызықтырады. Бұл жақсы ма, жаман ба, қазір шешімін тауып көрейік. Сонымен, әлеуметтік желілер. Кейбір ата– атаналардың пікірі бойынша, олардың пайдасы жоқ.  Дұрыс та шығар. Біріншіден, желі жаман ықпал етуі мүмкін. Бірақ балаға көше де жаман ықпал етуі мүмкін. Бұдан сақтану үшін ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс түсіндіру. Екіншіден, компьютердің алдында ұзақ уақыт кетіру. Үлкендердің өздері уақытты ысырап етіп алатындығын мойындайды. Олай  болатын болса, бір сағат отырасың, сосын сабағыңды оқисың деген сияқты келісімге келу керексіздер. Ал әлеуметтік желінің пайдасына келетін болсақ, балаңыз демалған кездегі, лагерьдегі танысқан достарымен байланыста болады. Балаға күн тәртібін жасап, виртуалды өмір, шынайы өмірді итеріп тастауын болдырмау қажет.

Онлайн ойындар –   әлемнің барлық адамдары ойнайтын ойын. Олар нені үйрете алады: логикалық және стратегиялық ойлауды, адамдармен ортақ тіл табысуды. Ал қандай зиян әкеле алады? Біріншіден, бала шынайы өмірді ұмытып, виртуалды өмірге бас сауғалайды, яғни тәуелділік. Екіншіден, белгілі бір жетістікке жету керек, ол қолдан келмей жатыр, яғни ашушаңдық. Кемшіліктері өте көп. Ең бастысы, барлығы өз орнымен беру керек. Сонда ойынға қатысты проблемалар болмады. Компьютердің ықпалынан қорқудың қажеті жоқ, оны дұрыс пайдалану, үлкен белестерге апарады. Өте үлкен белестерге қол жеткіземіз. "Сиқырлы машина" баланың болашақ өміріне қатты қажет болады. Ал ол балалардың досына айналу үшін, ата –  аналар өздерінің дағдыларын жоғарлату шарт. Сондықтан ол дос болады ма, қас болады ма, біздің өзімізге байланысты. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз