5 "А" сыныбы мектепішілік фестивальға өз дайындығын кеш бастады. Басқа сыныптың тәлімгерлері өз сыныптарымен дайындық жұмыстарын жүргізіп кеткен уақытта 5 "А" сыныбының тәлімгері дайындық жұмыстарына келе алмайтын болды. Осы кезде сыныптың дайындығын сынып жетекшісінің өзі шұғыл қолға алған еді.
Бастауыш сыныпта сабақ берген ағайлары бұларды бастауыш мектептен кейін үлкен мектепке шығарып салды. Осы кезде бастауышты енді ғана бітіріп келген бұларды тәжірибелі ұстаз апай қарсы алған еді. Ол кісі бір жыл сынып жетекшілік жасағаннан кейін өз шәкірттерін жасы
кіші әріптесі - ер мұғалімге табыстады. Бұл сынып жетекшілері де тәжірибелі ұстаз болатын. Енді сол ағайлары фестивальға дайындық жұмыстарын бастап та кетті.
Бағдарлама түзіліп жатты. Староста қыз ән салатын болды. Дүнгенбай Ботбаевтың ана туралы әні.
Дамылдап өзендер де,
Күн батып, күн шығады.
Мен үшін көзіңді ілмей,
Анашым, жүрсің әлі, жүрсің бе әлі?
Дүние құлпырады,
Боялып дала нұрға.
Сонда да мен тұрамын,
Көзіңнің жанарында.
Сыныптың отряд советі председательдігін ұстазы бұған жүктеген еді.
- Сен көркемсөз оқисың, - деді ағайы бұған қарап.
- Жақсы. "Жайлауында жүрген жігіт бағып қой, дос келді деп жасап жатыр анық той..."
- Жоқ. Ол көркемсөзді оқымайсың. Өйткені ол өлең - көркемсөз ретінде көп оқылған өлең. Мұны басқа сыныптың көркемсөз оқушылары да оқуы мүмкін. Әр нәрседен шығатын салдарды адам алдын ала ескеріп отыруы керек. Сондықтан саған көркемсөзді өзім тауып әкеп беремін.
Тауып әкеліп берді.
- Көркемсөз оқу - өзінше бір өнер, - деді ағайы. Көркемсөз бір орында қатып қалған күйде оқылмайды. Өлеңді оқушы адам өлеңге өзінің ішкі жан-дүниесін бере отырып оқу керек. Соған орай қолдың қимылы да болады. Үлкен сахналардағы көркемсөз оқушыларды көріп жүрсің бе? Көркемсөз соларша оқылуы керек.
- Бізің биші қызымыз бар, - деді ағайы бағдарламаны жасақтап болғаннан кейін сыныпқа қарап тұрып. - Мүмкін біз оған шығыс билерінің бірін дайындап билеуді ұсынармыз. Бірақ би - бірден-бір музыкаға тәуелді өнер. Сондықтан мен шәкіртімді өзім сүйемелдеймін. Бұл жағынан біз фестивальда ұтатын боламыз.
Ағайлары әу баста музыка пәнінің мұғалімі болғысы келіпті. Сонан соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып кеткен. Бірақ бұдан музыкаға деген құштарлығы кемімесе керек.
- Домбыра аса таңсық аспап емес қой, - деді ағайлары. - Ең дұрысы мандолин деп ойлаймын. Мен шәкіртімді мандолинмен сүйемелдеймін.
Фестивальға жиналған жанның бәрінің қос жанары мандолин аспабында ойнап отырған ұстаздарының саусағына қадалды да қалды. Мандолинадан төгілген шығыс сазының әуеніне шәкірт қыз мың бұралды.
Сол жолы 5 "А" сыныбына мектепіішілік фестивальдың бірінші жүлдесі бұйырған еді.
Ағайлары бұларға 9-сыныпқа дейін жетекшілік жасады. Сонан соң бітіруші сыныпта бұларды өзінен жасы кіші әріптесі - ер мұғалімге табыстады.
Бастауыш сыныптан бітіруші сыныпқа дейін бұларға төрт ұстаз - үш ер мұғалім бір апай жетекшілік етті. Олар: Әбдіразақов Нұғыман ағай, бастауыш сыныптағы ұстаздары, Байманова Айнаш апай, математика пәнінен сабақ берген мұғалім, ол кісі 4-сыныпта жетекшілік жасаған байырғы, тәжірибелі педагог ұстаз еді және осында тілге тиек болып отырған ұстаз 5 - 9-сыныптар арасында жетекшілік жасаған - Сүндетов
Жанділда ағай, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, сонымен қатар бітіруші сыныпта жетекшілік еткен ұстаз - Сахиев Қуантқан ағай, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Осы ұстаздары бұларды өмір айдынына шығарып салды. Бұлардың барлығы да - өз мектептерінде, Қазалы ауданындағы №25 қазақ орта мектебінде, дара, өзіндік тұлғалық қасиеттерге ие болған ұстаздар қатарынан саналған жандар.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі