Өлең, жыр, ақындар

Адамға ортаның әсері бар ма?

Белгілі актер Дәурен Серғазин болса, «Барлық нәрсе қоршаған ортаға байланысты, ал ортаны адам өзі таңдайды», -деп қысқа қайырды.

Ал сіз қалай ойлайсыз? Ортаның әсерінен өзгерген кезіңіз болды ма?
Серікбол Хасан, журналист:

— Қай жағынан алса да, ортаның адамға әсері бар. Мәселен, экология деп қарайық. Экология ластанған сайын, адамның да қабілеті азаяды. Адам — Алланың табиғатқа лайықтап жасаған туындысы. Сондықтан да, табиғат адамның көңіл-күйіне, денсаулығына, тіптен өміріне де әсер етеді. Алматының асфальтында жүрген кездегі аураңыз бен Медеудегі көңіл-күйіңіздің ұқсамайтыны да содан. Орта дегеннің бірі — адамның өзі. Сондықтан, адам адамға әсер етеді. Мұсылманшылықта мұны «адам — адамның айнасы» деп түсіндіреді. Мәселен, сіздің досыңыз өте мейірімді, адал, әділетті, иманды жан болса, сіздің де сол бағытта бой түзеуіңіз кәміл ғой. Сол сияқты, ортаңыздағы достарыңыз жағымсыз мінез-құлыққа ие болса, жаман әдеттерге үйірсек келсе, мұның ұшқыны да сіздің қораңызға тиетіні анық. Сондықтан, екі жақта да ортаның адамға әсері бар. Ал сіз қандай ортаны таңдайсыз,қалай өмір сүргіңіз келеді, ол сіздің еркіңіздегі шаруа.
 

Гүлмира Сұлтанбаева,
саяси ғылымдарының докторы, профессор:

- Ортаның әсері бар, әрине, бірақ адамның таңдау еркі де бар. Маған өзімнің еркім көп көмек берді-ау деп ойлаймын. Мен өскен орта тым шағын ауыл болды, мектеп — ауылдағы ең алысы. Негізі, білімге, журналистикаға деген махаббат бала кезімнен болды.

Белгілі актер Дәурен Серғазин болса, «Барлық нәрсе қоршаған ортаға байланысты, ал ортаны адам өзі таңдайды», -деп қысқа қайырды.

Ал сіз қалай ойлайсыз? Ортаның әсерінен өзгерген кезіңіз болды ма?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Марал

Әсері бар! Адамның мінезі айладағы адамдарға қарап өзгереді емес пе?

aekaomirbaeva

дұрыс айтасыз!
 

Дос

Досыңның кім екенін айт, сенің кім екеніңді айтамын...

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз