Microsoft 3D-телепортация технологиясын ұсынды

Басты бет / Ақпараттық технология / Әлем жаңалықтары / Microsoft 3D-телепортация технологиясын ұсынды

Microsoft 3D-телепортация технологиясын ұсынды — Әлем жаңалықтары бөліміндегі материал.

Материал — microsoft, 3D-телепортация, технология — осы тақырыптарға байланысты.

Microsoft компаниясы таңғалдыра алатынын кезекті рет дәлелдеді. Компания жасап шығарған үшөлшемді суреттерді нақты уақыт тәртіптемесінде тасымалдау технологиясы фантастиқалық өнертабыс болып табылады.

Google компаниясы Google Cardboard шлемін дамытып жатқанда, Microsoft-та уақытты бекер өткізіп жатқан жоқ. Бұлар ұсынған балама HoloLens деп аталады. Ол шынайылықпен толықтырылған көзілдіріктен тұрады, соның көмегімен үшөлшемді голограммалар түзіледі. Осы үш өлшемді голограммалар қолданушының айналасындағы шынайы өміріне кірістіріледі.

Holoportation технологиясы HoloLens-ті пайдаланудың бір нұсқасын көрсету мақсатымен жасап шығарылған. Ол нақты уақыт тәртіптемесінде нысаналардың жоғары сапалы 3D үлгісін жасауға, ал кейін оны кез келген жерде тұрғызуға мүмкіндік береді. Осылайша, мысалы, алыста жүрген адамдармен дәл жаныңда отырған сияқты қарым-қатынас жасауға болады.

Иә, бұл технология «Жұлдыздар соғысындағы» ғаламшарда және т.б. көптеген фантастикалық фильмдерде көрсетілетін технология. Болашақ ізімізден басып келетін сыңайлы.

VR-технология саласында Microsoft-қа кедергі болатын бір мәселе – өнімнің тым қымбаттығы. Қазіргі таңда HoloLens көзілдірігі шамамен үш мың доллар тұрады, бұл, әрине, Google Cardboard картон шлемімен салыстыруға келмейді. Сондықтан қай технология нарықты жаулап алатынын болашақ көрсетеді.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

ерен

керемет ....

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Microsoft 3D-телепортация технологиясын ұсынды деген не?

Бұл бетте Microsoft 3D-телепортация технологиясын ұсынды тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Әлем жаңалықтары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Microsoft 3D-телепортация технологиясын ұсынды материалы Әлем жаңалықтары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Әлем жаңалықтары бөліміндегі басқа материалдар microsoft тақырыбындағы материалдар 3D-телепортация тақырыбындағы материалдар технология тақырыбындағы материалдар