Өлең, жыр, ақындар

Мен оқитын класта

Ақтөбе қаласы

«№41 жалпы білім беретін орта мектебі» ММ-нің

2 «А» сынып оқушысы: Суиндиков Тамерлан Саламатович

Жетекшісі: Добрашева Клара Әмірешқызы

 

Мен Ақтөбе қаласындағы №41 жалпы білім беретін орта мектебінің 2 «А» класында оқимын. Сүйікті мектебімнің табалдырығын аттағаныма көп болмаса да мен үшін алтын ұяма айналып үлгерді. Алғаш «А» әрібін үйретіп, «АНА» деген сөзді жазуға дағдыландырған сүйікті ұстазым Клара Әмірешқызы біздің анамыздай болып кетті. Әрдайым біздерге «Бірлік бар жерде тірлік бар, бірге болыңдар» деп ақылын айтудан жалыққан емес.

Мен оқитын класта әрбір үйдің еркетотай тентек барлығы 26 оқушы бар. Класымыз мектебіміздегі үлгілі кластар қатарында. Мектепішілік, қалалық жарыстарға белсене араласып, жүлделі орындар иеленіп те үлгердік. Шетімізден биші, күйші, әншілермен қоса білімпаз, математиктер жетіп жатыр. Мұның барлығы ұстазымыздың талмас еңбегі деп білемін.

Мен - оқу озатымын. Болашақта мектепті озат бітіріп, биік жетістіктерге жеткім келеді. Бірге оқитын достарыма да осындай тілек тілеймін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

гулнур

Менин сыныбыб оте тамаша сыныпта биз 10 баламыз мугалимиз Алия Рамазанова тамаша апай

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз