Алдағы сенбі күні М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «KazRoboSport-2016» аймақтық чемпионаты басталады. Жарысқа қатысуға 30 жуық команда өтінім берді. Балалар өз автономды роботтарын таныстырып, сайысқа түседі, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Чемпионат төрт санат бойынша өткізіледі. Конкурсқа қатысушылар өз қолымен жинаған автономды роботтар «кегельринг» және «сызық бойынша жарыста», сондай-ақ робо-сумода күш сынасады.
- Робототехника математика, физика, информатика пәндерін біріктіреді. Оларды жеке оқыған қиын, ал бірге алғанда қызықты. Балалар мен жасөспірімдер өз шығармашылықтарын паш етсе, конструкторлар қолдан робот құрастырып, өз еңбектерінің жемісін көре алады. Жалпы айтқанда, робототехника - әлемдегі ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Балалардың инженерлік ойлау қабілеттілігі қалыптасады, перспективада олар мұнымен кәсіптік деңгейде айналыса алады, - дейді Білім беру және спорттық робототехника федерациясының Астанадағы филиалы «Роботек» клубының директоры Михаил Малород.
Қазіргі кезде 2 адамнан тұратын 30 жуық команда жарысқа қатысатындарын растады. Негізінен, Назарбаев зияткерлік мектебінің, «Роботек» робототехника клубының, «Шестеренки» эксперименталды механика және робототехника клубынің балалар мен жасөспірімдер командалары, сондай-ақ, Ақмола облысынан, Қарағанды және Көкшетаудан келген командалар бақтарын сынамақ. Ережеге сәйкес, сайысқа 10-нан 25 жасқа дейінгі жастар қатысады.
Конкурс аясында «Білім беретін робототехника» тақырыбында шеберлік дәрісі өткізіледі, балаларға 3D-баспаның ерекшеліктері мен принциптері туралы айтылады. Жеңімпаздар қыркүйек айында өтетін «KazRoboSport» жарысының республикалық кезеңіне жолдамаға ие болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі