Ыбырай Алтынсарин атындағы
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
4 курс студенті Қарабаева Бағдат Үсенқызы
Педагогика тарихы тәрбие процесін ұйымдастырудың әртүрлі формаларын басынан кешірді. Олардың әрқайсысы өзгермелі жағдайлардағы белгілі-бір мазмұнды ашу үшін жасалынады. Біріншіден, балалар саны өзгерді: ежелгі оқу орындағы бір немесе оншақты баладан бүгінгі барлық балалардың міндетті мектеп тәрбиесіне өтуі. Сондықтан,тәрбие формасын талдаудың алғашқы бағамы сандық өлшеммен беріледі. Тәрбие процесінде қамтылған адам санына қарай тәрбие формалары жеке, шағын топтық, топтық және бұқаралық болып бөлінеді. Топтағы тәрбиеленушілер саны – 5-7 ден 25-40 дейін болса, бұқаралық формада оның шегі болмайды. Тәрбие процесінің пәрменділігі оны ұйымдастырудың формасына байланысты.
Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы ұжымдық деп аталады. Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін. Ұжымдық рухта тәрбиелеу педагогикалық тәрбие мақсатындағы негізгі принцип. Бұл мақсатқа жетудің жолдары мен формалары ұжымға байланысты.
Шетелдік жүйе тәрбиесінен өткен кеңестік жүйе өзгешелігі- тұлға дамытудағы ұжымның атқаратын қызметі жетекші болып белгіленуінде. Кеңес мектебі әлемде бірінші болып, жеке тұлғаға бағдарланған тәрбиеден бас тартып, тәрбие іс-әрекетінің негізінде ұжымды қалады. Сөйтіп, тәрбие тәжірбиесі мен теориясының дамуына деген көзқараста үлкен қадам жасады. Ұжым тәрбиелік талпыныстар орталығына айналды, оны қалыптастыру мектептің негізгі міндеті ретінде қабылданды. Жаңа қойылған мақсаттар кіші және үлкен мәселелерді теориялық үйлестіру мен талдауды қажет етеді. Оларды шешуге А.С Макаренко, Н.К Крупская, В.А Сухоилинский және т.б атақты педагогтар күш жұмсады.
Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.
4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:
Әлеуметтік |
Танымдық |
Эмоционалдық |
|
|
|
1-сурет. Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары
Топпен жұмыс жүргізу барысынды мұғалімнің атқаратын ролі өте маңызды.
Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет, сонымен қатар, тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру керек. Әрі топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек. Сыныппен жұмыс істеу барысында неге қол жеткізетіндерін және нені білу жоспарланғандығын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет. Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді модельдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, мұғалім бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсетуі керек. Сабақ аяқталған соң мұғалім оқушыларды топтағы жұмыс үдерісі жайлы және оның нәтижелері туралы ойланулары үшін түрткі жасау керек.
Мұғалім мен оқушы белгілі нәтижеге жету үшін жүйелі жұмыс атқарса ғана оқыту және тәрбиелеу әдісі өз нәтижесін береді. Оқытудың барлық жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Оқыту үрдісінде пайдаланған әдіс-тәсілдерді меңгере отырып оқушының өзіндік ой-түйіндерін дамытуға тырысу керек.
Мен өз тәжірибем арқылы сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қарай топтап оқытудың нәтижелі болатындығына, балалардың сабаққа деген ынтасы,белсенділігі арта тусетініне анық көзім жетіп келеді. Ол үшін сыныптағы оқушыларды білім дәрежесіне қарай үш топқа бөлемін. Яғни білім толық беске оқитындар-үздік топ, екінші топ-төрттіктер, үшінші топ-үштіктер. Топқа бөлмес бұрын оқушылардың білім дәрежесі қалай бағалануы керек екендігін түсіндіремін. Яғни «5» бағасын алатын оқушылар өз бетінше ізденіп, оқулық пен қатар қосымша әдебиеттер мен жұмыс істеуі керек, ал төрттіктер газет,журнал материалдары мен өз білімін ұштастыра отырып оқулықпен сабақтастыруы шарт,ал оқулық материалын толық меңгеріп, ойын толық жеткізу шамасы келмесе, қосымша материалдармен ұштастыра алмаса, онда ол оқушы «үштіктер» тобына кіреді. Мұндай саралап оқытудың көп пайдасы бар. Әр бала қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді. Әрбір топтағы бала білуге құмарта түседі, төменгі топтар жоғарғы топқа өтуге, жоғарғы топ төменгі топқа түсіп қалмауға тырысады. Топқа бөлу кезінде менің оқушыларым алғашқыда өз еркімен бөлінді. Сонан соң оларға білім дәрежесін тексеретін сайыс ұйымдастырдым. Ең жоғарғы бал алғандар І, одан төмен жинағандар ІІ және ІІІ топқа кіргізілді. Әр топтың өз басшысы болады, олардың қолында баға қойылатын баға қойылатын өз журналы да болады. Ол әр топтағы оқушының білім дәрежесін, әр сабаққа дайындығын көрсететін айна іспетті. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттеріне қызметтеріне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне дарындылық қасиеттерінің ашылуына толық жағдай жасалады. Әр оқушы ұстаздың басқаруы мен дұрыс тапсырмаларды + белгілесімен өзі белгілеп отырады. Оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудын бастайды. Оларды толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшеді. Бұл оқушылар арасында белсенділік туғызады және оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына кепілдік береді.
Қорытындылай келе шетел тілін оқытуда оқушыларды топпен жұмыс істеуге үйретудің нәтижесінде оқушылардың ойларын еркін айта алатын, өздік жұмыс жасай алатын, сабаққа деген қызығушылығы ояу, бәсекеге әрқашан толық қабілетті шәкірт даярлай аламыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі