ҚазАқпарат - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» базасында алдағы төрт жыл ішінде 70 мыңға тарта бастауыш сыныптың мұғалімдері дайындықтан өтеді. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова осылай мәлім етті.
«Білім саласында, педагогикада жаңа түсінік пайда болды, оған сәйкес, бала анализ, синтез жасай алуы керек. Бағалай біліп, алған білімін пайдалана алуы керек. Осының өзі біз білім сапасының мазмұнына қатысты енгізгелі отырған функционалдық біліктілікке алып келеді», - дейді К. Шәмшиденова.
Оның айтуынша, жаңа мазмұнды енгізу мақсатында 2011 жылдан бастап мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған көптеген жұмыстар атқарылған. Ал 2012 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» базасында дайындалған жаңа әдістемелік технологияларға байланысты оқу бағдарламаларына елу екі мыңнан астам ұстаз қайта даярлықтан өтті. Жеті жүзден астам тренерлер даярланып, бір жарым мыңнан астам мектеп директорлары да даярлықтан өткен.
«Білім саласындағы жаңа мазмұнға байланысты алдағы төрт жыл ішінде 70 мыңға тарта бастауыш сыныптың мұғалімдер мен осы сыныптарда жұмыс істейтін 200 мыңға жуық мұғалімдер дайындықтан өтеді. Бұл әр жылдар бойынша бекітілді, қай өңірден қай жерде өтетіні де белгіленді», - деді К. Шәмшидинова.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі