Павлодар облысында 2015-2016 оқу жылы 43 мектеп бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітова мәлім етті.
"2016 жылы ҚР «Білім туралы» Заңының мектеп бітірушілерін ҰБТ-ға қатысудан босату бөлігіне өзгерістер енгізілді. Аталмыш заңға сәйкес ҰБТ-ға қатысудан соңғы үш жылда жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиада және конкурстардың жеңімпаздары ғана босатылады. Биылғы жылы Павлодар облысында мұндай оқушылардың саны - 43. Сонымен қатар, оқу жылының аяғына дейін тағы да тоғыз мектеп бітірушісі Мәскеу қаласында халықаралық конкурстарға қатысуды жоспарлап отыр", - деді Б.Бексейітова.
Ведомство басшысының айтуынша, жоғарыда аталған болашақ түлектердің ішінде № 3 гимназияда төрт оқушы, дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінде 14 оқушы, "Зерде" мектебінде бір оқушы, № 1 мектеп лицейінде екі оқушы, облыстық көп салалы лицей интернатында екі оқушы, «Жас дарын» мектебінде сегіз оқушы, № 10 мектеп лицейде екі оқушы, Павлодар қаласының № № 9,19,25 мектептерінде үш оқушы және Екібастұз қаласының №№ 22, 26 мектеп гимназиясында бес оқушы сынаққа қатыспайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі