Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы 2017 жылы толық өзгереді.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов мәлім етті.
Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер саны 121 092 бала, оның ішінде 83 330 қазақ тілінде оқығандар, 37 762 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ-ға 86 991 түлек қатысады. Олардың ішінде 63 021 қазақ тілінде, 23 970 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ форматы 2016 жылы өзгеріссіз қалады. Ол 2 және 15 маусым аралығында өтеді", - деді ол.
Білім министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 2004 жылдан бері 12 жылда ҰБТ-ны 1,5 млн. түлек тапсырды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі