Өлең, жыр, ақындар

Жас маманның негізгі мәселелері

(мектепішілік дөңгелек үстел)


Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіру, көңіл-күйін көтеру және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру арқылы көмек көрсету мақсатымен мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары жас мамандарға тәлімгерлік бағыт-бағдар береді. Сонымен қатар ай сайын «Жас мамандар мектебінің» отырысы болады. Онда жоспар бойынша жас мамандарға әдістемелік көмек беру аясында әр түрлі  іс-шаралар ұйымдастырылады. Соның бірі кезекті отырысында «Жас маманның негізгі мәселелері» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел. Дөңгелек үстелдің жұмысын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханбеталина Г.К. жас мамандарды бүгінгі таңда қандай сұрақтар мазалайды деген сауалмен бастады. Жас мамандар өз ойларын ортаға салу кезінде оларды көп сұрақтар мазалайтыны анық болды. Осы орайда жас маман Хайрат Айболат өзінің  алғашқы қиындығының  бірі – ол мұғалім мен оқушының бірін-бірі білмеуі екенін ашық айтты. Бастауыш сынып мұғалімі Малшыбай Ақжол сынып құжаттарын толтыруда, тақырыптық – күнтізбелік жоспар құруда бағдарламаны жіті меңгере алмауының салдарынан көп қиналғанын айтты. Әрі қарай қатысушыларымыз берілген тақырыптың негізгі ойын ашу үшін  ой-тұжырымдарын  қағаз бетіне түсіріп, әр топ өз постерлерін жоғары деңгейде қорғай білді.Соның ішінде музыка мұғалімі Асаинова Асемгүл мен бастауыш сынып мұғалімі Дюсембина Алия алғырлықтарымен ерекше көзге түсті. Дөңгелек үстел соңында тәлімгер ұстаздар жас мамандарға өз қызметінің жемісін көру үшін  ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екенін айтып, жауапкершілігі мол ұстаздық жолына сәттілік тіледі.

 

Муханбеталина Гульмира Кайроллиновна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Зеренді ауданы әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» КММ
Зеренді ауданы
Ақмола облысы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз