Өлең, жыр, ақындар

Өмірдің мәні – отбасым

Ақтөбе қаласы
№32 мектеп гимназиясы
5 «ә» сынып оқушысы: Төлегенов Диас Алмасұлы
Жетекшісі: Канатова Айсауле Канатқызы

 

Әр адам өмірдің мәнін, оның құндылықтарын түрлі мағынада елестетеді. Біреу үшін ол – көп ақша, екіншілер үшін қымбат көлік немесе шетелге саяхаттау, тағы біреулер үшін бағасы адам құнынан да артық әшекей бұйым. Мен жоғарыда аталғандарды өмірдің құндылықтары деп айтпас едім. Себебі олар – материалдық құндылық. Кейде осы екеуінің арасын ажырата алмай, талай адамның қателесіп жүргеніне куә боламыз. Бұл дүние бүгін бар да, ертең жоқ. Менің өмірімнің мәні – отбасым. Олар маған миллиардтаған ақшадан да қымбат, бағасына неше карат гауһар жүзіктер де жетпейді. Осы өмірдегі мен арқа сүйейтін адамдар – әкем, анам және бауырларым. «Бірінші көрнектілік – отбасы, ошақ қасы» дегендей менің бар байлығым, ай, күнім осы жандар.

Жаңа туған жас балаға айтылатын әлди сияқты, мен де осы күнге дейін асыл әкем мен ардақты анамныңқамқор әлдиінде тербеліп келемін. Қазір ата-анам мен үшін барын салып, күн-түн демей еңбек етіп жүр. Менің тамағымның тоқ, көйлегімнің көк болуы үшін уақытпен де санаспайды. Кішкентай болсам да ата-анамның маған көрсеткен қамқорлығын, отбасы жылуын сыйлағанын, балалық шағымның бақытты өтіп жатқанының себепшісі болғанын жүрегіммен сезінемін. Жұдырықтай жүрек бүгінгі еңбектің өтеуін ешқашан қайтара алмасын біледі, себебі ананың ұйқысыз өткен бір түнін маңдай термен тапқан миллион ақшаға да сатып ала алмайсың, әкенің бір ақылыннеше кітап оқысаң да әкедей бере алмайтынын білесің.

Жақсы қасиетті өне бойыма сыйдырып, жаман қасиетті өз-өзіме тыйдырып адал жолмен өмір сүргізіп келе жатқан әкем мен анам – қос қанатым. Осы қанатым арқылы жақсылық көгіне талмай ұшсам деймін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (19)

Сымбат

Диас сиякты талантты баланы брншы рет коруым осндай адемы ары адебиеты тылмен сойлейтын балдар онерде орге жузеды.

Гүлім

Өмірдің мәні маған ұнады.

Әйгерім

Маған катты унады

Назира

Маған катты ұнады

Фариза

5 сынып оқушысы жазды деп айту қиын. Өте сауатты жазылыпты

Жансая

Күшттті жазылған

Мадияр Бимжанов

Күшті жазылған, жарайсың алға! Диас!!!

Зарина

Өте керемет жазылған

Марал

Өте күшті жазылган, өзінің ойын анық жазған. Жарайсың, Диас!!

Әбілда Балауса

Өте керемет шығарма сенен болашақта тамаша ақын шығады деген ойдамын

Аружан

Өте керемет жазылған.

Мөлдір

Маған өте қатты ұнады!

Маржан

Өте жақсы орындалған.

Маржан

Өте керемет жазылған.

Ернур

Керемет

Бəйдібек

Дұрыс айтасың күшті

қырғыбай Нұрдәулет

жарайсың Диас биік шындардан көріне бер

Жанеля

күшті

Ару

Өте дұрыс

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз