Павлодар облысында 2,4 маусым күндері өткен ҰБТ-ның нәтижесінде 275 түлек шекті балл жинай алмады. Олардың 42-сі «екілік» деген баға алған.
Бұл туралы Павлодар облысының білім саласындағы бақылау департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Алевтина Ведель мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
- Биыл 2 564 павлодарлық түлек ҰБТ-ға қатысты. Тестілеудегі орташа көрсеткіш 88,2 баллды құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8 ұпайға жоғары. Аймақ бойынша ең жоғары балл (100,14) облыстық мамандандырылған мектеп түлектерінің еншісінде. Ал аудандар арасында баянауылдық түлектер тестілеуден 94,83 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды Ертіс ауданының мектеп бітірушілері (94,65), үшінші орынды Лебяжі ауданының түлектері (90,02) иеленді, - дейді Алевтина Ведель.
Бөлім басшысының айтуынша, «Алтын белгіге» үміткер 115 талапкердің 78-і өз білімін растады. Тестілеу барысында әр пунктте тәртіп сақшылары мен медицина саласының мамандары жұмыс істеп, түлектердің құқығын бұзу фактілері тіркелмеген. Тестілеудің алдында 1133 және аудиторияда 1511 тыйым салынған зат алынған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі