Өлең, жыр, ақындар

ОҚО-да ҰБТ-да ең жоғары ұпай жиған түлектерге 500 мың теңге табысталды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов жас түлектерді, «Алтын белгі» иегерлерін марапаттады.

Облыс әкімі облыстағы мектеп-интернаттарды тәмәмдаған 116 түлекке «Алтын белгі» белгі тапсырып, ҰБТ-да 125 балл жинаған 6 оқушыға 500 мың теңге көлемінде қаржылай сертификат табыстады. Олар: Шымкент қаласы Х. Дулати атындағы №8 гимназия түлегі - Абылай Кенесбеков, Шымкент қаласы №120 мектебінің түлегі - Ерасыл Балтабай, Ордабасы ауданы А.Шеримқұлов атындағы мектеп түлегі -Ақмарал Әбубәкір, Ордабасы ауданындағы Әуезов атындағы мектеп түлегі - Аяжан Төртай, №2 мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі - Мерей Тұрдиева және Шымкент қ. №15 мектеп-лицейінің түлегі - Ақтолқын Асан.

Өз кезегінде, бітіруші түлектердің бірі - «Алтын белгі» иегері М.Тұрдиева аға буын өкілдеріне алғысын жеткізіп, өз замандастарына ақ жол тіледі.

«Бұл қуаныш - 11 жылғы үздіксіз еңбектің жеңісі. Тәжірибелі ұстаздардың еңбегі және ата-аналардың ақ тілегі. Сіздердің биылғы жеңістеріңіз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Сол Тәуелсіздігіміздің тірегі, Егемен елдің ертеңі ретінде Сіздерге, болашақта мәңгілік елдің бір кірпіші болып қалануларыңызға шын жүректен тілектеспін», - деді Б.Атамқұлов.

Салтанатты кездесу соңы мерекелік концертке ұласып, түлектер вальсі ұйымдастырылды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Алматы

Шымкенттіктер жарайсыңдар!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар