Ақтөбе облысының әкімі шағын мектептерді жабуды ұсынды

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Ақтөбе облысының әкімі шағын мектептерді жабуды ұсынды

Ақтөбе облысының әкімі шағын мектептерді жабуды ұсынды — Білім, ғылым, мәдениет тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев білім сапасын жақсарту үшін шағын мектептерді жауып, оқушыларды көрші елді-мекендердегі ірілеу мектеп-интернаттарға көшіруді ұсынды. Бұл туралы өңір басшысы облыстық әкімдікте өткен ҰБТ қорытындысы бойынша кеңесте мәлім етті.  

«2016 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша Ақтөбе мектептері түлектерінің орташа ұпайының төмендеуі байқалуда. Облыстағы ең төменгі ұпайТемір ауданында - 70,9 тіркелген, - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова.

Оның сөзіне қарағанда,  ЖОО-ға түсуге қажетті ұпайды жимағандардың ішінде шағын мектептерде білім алатын түлектер аз емес.

Осыған байланысты облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мұндай мектептерді жауып, оқушыларды интернат ашу арқылы өзге мектептерге ауыстыруды ұсынды.  

«Бастысы - балалар білімінің сапасын жақсарту», - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев. Ол тамыз конференциясы алдында ҰБТ-ның орташа ұпайының төмендеуіне байланысты сараптама жүргізуді тапсырды.  

Мектеп оқушыларының әрі қарай білім алуы мен еңбекпен қамтылуы мәселелері де өзекті.

Білім басқармасының ақпаратынша, аймақта 17 мен 21 жас аралығындағы 417 жас еш жерде білім алмаған және мектептен кейін еңбекпен қамтылмаған. 



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Білім, ғылым, мәдениет бойынша басқа мақалалар Білім бойынша мақалалар Ақтөбе облысы бойынша мақалалар