Өлең, жыр, ақындар

Ақтауда университет түлектері дипломдық жұмысты өздері жазбай сатып алған

Ақтау жоғарғы оқу орындарының бірінде жанжал шықты. Оған бірден 50 студенттің дипломдық жұмысын қорғай алмағаны себеп болған деп хабарлайды КТК арнасы.

Диссертациялар Білім министрлігінен келген комиссияның көңілінен шықпай, күзде қайта тапсыруға жіберіпті. Студенттердің дипломдық жұмысты қорғай алмауының да себептері бар екен. Сөйтсе, оны ешқайсысы жаза алмай, сатып алған көрінеді.

 

Ақтау гуманитарлық-техникалық университетінің студенттері күні кеше көптен күткен дипломға қол жеткіздік деп ойлаған. Тіпті сауық кешіне қамданып та қойған екен. Бірақ тексеруге келген мемлекеттік комиссия бұл жоспардың тас-талқанын шығарды. Өйткені, студенттердің дипломдық жұмысы талапқа сай емес деп танылған.

"Ішпей-жемей, киінбей еңбек етіп, осы балалар ертең қара жұмысшы болмасын, қолдарында диплом болсын деп оқытып жатырмыз. Бұл қалай болғаны, түсінбей отырмын. Еңбегіміз еш кетті ма, балаларымыз қаңғып оқыды ғой", - дейді Рахаш Байтұрова.

Өз ғылыми жұмыстарын тек санаулы студент қорғай алыпты. Ал бірінші күні-ақ 50 дипломдық жұмыста кемшіліктер табылған. Олардың қатарында болашақ қаржыгерлер мен қазақ тілі пәнінің мұғалімдері бар. Студенттер университетте білімнің жоқтығынан диплом жұмысын ұстаздарынан сатып алғанын ашық айтып отыр.

«Мынау дұрыс емес» сатып алдыңдар дейді. Әрине, біз сатып аламыз. Бізде білім жоқ. Мына жақта дұрыс білім берген жоқ. Бізге бағыт-бағдар беретін ғылыми жетекші тағайындалған жоқ", - дейді 4 курс студенті Жұпар Құлтаева.

Ал тағы бір 4 курс студентінің айтуынша, комиссия тек, Алматыдағы университеттің магистратурасына түскен жағдайда ғана дипломдарын қабылдайтынын айтқан.

"Алматыдан келген комиссия дипломдарыңды қабылдамаймын, өтпейді деді. Алматыдағы университеттің магистратурасына түсетін болсаңдар мен қабылдаймын дипломды. Түспесеңдер қабылдамаймын деді" - дейді 4 курс студенті Гүлнар Тәжіқожаева.

Ашулы студенттер ректорды жағадан алуға дейін барды. Себебі, білім сапасына сол жауапты. Ал жұмыстарды бірінен соң бірін қайтарған комиссия мүшелері бұндай дайындықтағы болашақ мамандар үшін жауапкершілікті өз мойнына алғысы жоқ.

Алма Түсіпова, мемлекеттік комиссия мүшесі:

-Просто они сами не делали эти работы.

-Не сами?

-Конечно!

-Вы считаете что они купили эти дипломы?

-Запросто! У них в голове деньги. Кому они отдали пусть они и отвечают. Извините, вот за такой балоган меня по голове не погладят. Мы специалисты и не имеем права делать такого. Мне стыдно держать такие работы в руках.

Дегенмен студенттерге өз кемшіліктерін түзеуге күзге дейін уақыт берілді. Тек енді дипломдық жұмысты болашақ ұстаздар мен қаржыгерлердің өздеріне жазуға тура келеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар