Өртпен тазалау — Салт-дәстүр бөліміндегі материал.
Материал — өртпен тазалау, өрт, ауру, қарақшы — осы тақырыптарға байланысты.

"Мұстапаның Қожық ауылын өртеп жібергені болыс-билердің ойына сол дәстүрді түсірді" (Ғ. Мүсірепов). Халықта пәле шыққан, қырсық шалған, мысалы, оба, тырысқақ, сүзек тағы басқа жұқпалы аурулар пайда болған, топалаң сияқты мал індеті жайлаған жерлерді әдейі өртеп жіберетін ырым бар. Мұндай қонысқа жыл бойы жақындамай, басқа жаққа көшіп кетеді. Сонымен бірге бүкіл елге зияны, зәбірі қатты батқан қарақшы, жауыз, қанішерлердің де үй-күйін, дүние-мүлкін өртетіп жіберетін қазақтың ескі заңы тағы бар. Мысалы, 19 ғасырда бүкіл Қостанай, Қызылжар елін қан қақсатқан Қожық қарақшыны қалың ел ұстатып, өзін Итжеккенге айдатып, үй-күйін, жайлауын түгел өртетіп жіберген.
Қазақта қайырсыз дүние, киім, мүлік, үйді де өртеп жіберетін ғұрып болған. Мұны ел пәле-жаладан, ауыртпалықтан, ауру-сырқаудан құтылу үшін істеген. Ел ішінде "өрттің арты қайыр болады" деген сенім бар.
Бұл бетте Өртпен тазалау тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Салт-дәстүр бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Өртпен тазалау материалы Салт-дәстүр бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі