Өлең, жыр, ақындар

Астанада мектепке ақ бантиксіз барған оқушыны "линейкаға" қатыстырмай қойған

Астанада сынып жетекшісі бірінші сыныпқа жаңадан барған оқушыны шашында ақ бантигі жоқ болғандықтан, алғашқы қоңырау рәсіміндегі қатардан кетуін талап еткен.

Білім күні болған ыңғайсыз жағдай туралы оқушының анасы Қарлығаш Оңғарова өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

 

«Оқушылардың барлығы мектеп алдындағы алаңға қатармен тұрғызылды. Ата-аналарға ол жерден әрірек тұру керектігі айтылды. Біркезде қасыма қызым жылап келді. «Не болды?» деген сұрағыма «қатардан әрі тұр» деп айтты мұғалім дейді. Сынып жетекшіден жағдайды сұрасам «Бізді арналар түсіріп жатыр, қызыңыздың басында бантигі жоқ. Линейкада көрінбей-ақ қойғаны дұрыс» деп жауап берді. Мұғалім өз ұлының тойын ұйымдастырғандай кімнің қандай киімде, қайда тұратынын шешеді ме? Қызым сол мектеп бекіткен киімде. Ал қай жерде қыздардың шашында ақ бантик болуы керек деген талап бар? Сынып жетекшісі жаңадан мектепке барған қызды бірінші күні-ақ жылатты. Арналар мектептегі алғашқы қоңырауды түсіріп жатқан болса не болыпты?

Қызым таңмен 7-де тұрды. Мектеп киімін киіп алып әрлі-бірлі үйдің ішін кезді. Оған бантик байламаған мен. Себебі, маған бантик ұнамайды, қызыма жараспайды. Оның үстіне бірінші күні балаларды бір-бірімен, ұстазымен таныстыру ғана болады.

Не себепті мереке күні қызымды бір сағат бойы жұбатып, соңында мектепке онымен бірге кіре алмаймын. Ақыры кімнің соңынан еретінін білмей бала адасып жүреді.

Мұғалімі жылатқаннан кейін баланың мектепке де барғысы келмей қалды. Күткен мерекесі ойындағыдай болмай шықты», - деп ашуланды оқушының анасы.

Астана тұрғыны осы оқиғадан кейін қызын басқа сыныпқа ауыстыруға шешім қабылдапты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Бауыржан

Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды

Арай

Қаражаты болмай қалған болуыда мүмкін ғой, бір арналарға бола жас баланың көңілін қалдырып? Мейрамын құртып нелері бар?

Назерке

Дұрыс ата аналар да баларда ойларына келгенің жасайды. Оқушыға бір бәле болса сразу мұғалім. Оқушылар басқа шыгып барады тіпті. Мектепке боянып сыланып келеді. Баяғыда мұғалім бізді дәу сақинасымен ұрғанда жынды болып кетпедік ,ата анамызға айтпадық. Кайта қорықтық.

Назерке

Ата-ана - мұғалім болып бөлінбей, бірігіп бала тәрбиелеу керек! Екеуінің де мақсаты бір емес пе? Болашақта қоғамға пайдалы, адал, адамгершілігі мол, жақсы адам тәрбиелеу...

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар