Өлең, жыр, ақындар

Бiр дипломмен - қос мамандық

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрi Е.Сағадиевтiң №523 бұйрығымен Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институтында 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап жаңа алты мамандық ашылды: «Химия-биология», «Математика-физика», «Математика-информатика», «Физика-информатика», «География-тарих», «Тарих-дiнтану».

Осы мамандықтарды таңдаған талапкерлер қос пәннiң мұғалiмi ретiнде бiлiм бакалавры бiлiктiлiгiне ие болады. Шағын жинақталған мектептер үшiн даярланатын бұл мамандар келешекте Қазақстанның бiлiм беру жүйесiн одан әрі дамытып, өркендетуге үлес қосады. Шалғай ауылдар мен шағын станциялардағы жинақталған мектептер үшiн бұл қуанышты жаңалық болды.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар