Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлемдік білім нарығында бәсекеге қабілетті екендігін тағы да дәлелдеп, әлемдегі үздік 900 университет арасында 345-орынға көтерілді. Бұл әлемнің 4322 ЖОО арасындағы бәсекеде қол жеткізетін орны, яғни бұл Қазақстан мен Орта Азияны былай қойғанда, ТМД елдері ЖОО-лары арасында озық жетістік болып саналады.
Бұл туралы аталған ЖОО-ның баспасөз қызметі хабарлайды.
Айта кету керек, ТМД елдерінің барлық университеттері әлемнің 900 үздік университеті рейтингінде мұндай жетістікке жете қойған жоқ. Ал Қазақстаннан ЕҰУ-ден басқа 7 жоғары оқу орны еніп отыр. Олар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, ҚБТУ, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ және Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті.
Рейтинг көшбасында жылдағыдай Америка мен британ университеттері: Массачусетс технологиялық университеті, Стенфорд университеті, Гарвард университеті, Кембридж университеті және Калифорния технологиялық институты.
ЕҰУ бұл байқауларға 2009 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Соңғы бір жылда 26 орынға көтерілген оқу орны Қазақстан және Орталық Азия университеттері арасында айтулы жетістікке қол жеткізді. Сонымен қатар соңғы жылдары Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық компаниясы ашылғанына 50 жыл толмаған әлемнің ЖОО арасында «QS Top 50 Under 50» деген жаңа рейтингі нәтижесінде ЕҰУ 32-орынға тұрақтады. Бұл рейтингке ТМД-ның бір де бір университеті ілінбегенін ескерсек, нағыз ілгерілеудің үлгісі және үш жыл қатарынан 32,38 орындарды ұстап келеді.
Еуразия ұлттық университеті Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы «Еуропалық стандарт: жоғары оқу орындарының рейтингі:» көрсеткіші бойынша да әлемнің 2 678 ЖОО қатысқан байқауда Қазақстандағы 23 жоғары оқу орындары арасынан жетекші бестікке енді. Небәрі құрылғанына 20 жыл болған оқу орнының абыройын асқақтатқан бұл көрсеткіштер - білім беру ісі сапасының артып, әлемдік стандарттарға сай жарақтандырылуын төрткүл дүниеге дәлелдесе керек. QS рейтингі негізгі алты көрсеткіш бойынша бағалайды. Олардың ішінде оқу орнының академиялық беделі, жұмыс берушілер арасындағы абыройы, шетел студенттері мен халықаралық деңгейдегі оқытушылар құрамы секілді секілді жайлар ескеріледі.
Сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті екі жыл қатарынан Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) қорытындысы бойынша да көш бастап келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі