Өлең, жыр, ақындар

Атырауда мектеп оқушылары үш ауысымда оқиды

Атырау облысында үш мектепте сабақ үш ауысымда өтуде, деп хабарлады ӨКҚ брифингісінде өңірлік білім басқармасы басшысының орынбасары Қайырғали Кенжеғалиев.

«Биыл барлығы 192 мектепте 109367 оқушы білім ала бастады. Бұл өткен жылға қарағанда, 5516 адамға көп. 1 сыныпқа 14352 оқушы барды. Сондықтан кей мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін  8 сынып ашуға тура келді. Барлық мектептерде сабақ екі ауысымда өтуде. Үш ауысымдық оқыту  жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан үш мектепте ғана жалғасуда. Ол 1 қазанда аяқталады. Сол кезде өңірде   үш ауысымдық оқыту толықтай жойылады», - деді Қ.Кенжеғалиев.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Көбейеберсін

Жақсы жаңалақ, көп болайық!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар