Өлеңдер Бөлімі

Мемлекет басшысы Алматыда жаңа мектепті аралап көрді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жаңадан салынған №168 мектепті аралап көрді.

Елбасы білім ордасының материалдық-техникалық жарақтандырылуын көріп, мұғалімдермен кездесті.

Еске сала кетейік, осы орында болған ескі мектеп ғимараты 2008 жылы сүріліп, жаңа мектеп құрылысы биыл шілде айында басталған еді.

Мектеп құрылысына алдыңғы қатарлы құрылыс материалдары пайдаланылды. Үш қабатты мектеп алты блоктан тұрады. Онда 37 оқу кабинеті бар. Мектепке 103 компьютер, 31 интерактивті тақта алынған, бір мультимедиалық кабинет бар. Мектеп спорт залы да жаңа құрылғылармен жарақтандырылған.

Мектеп аумағында дене шынықтыру-спорт аймағы (шағын футбол, баскетбол, ұзындыққа секіру алаңдары) бар.

Мектеп қазақ тілінде гуманитарлық саланы тереңдетіп оқытады. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар

×