Ата-аналар үшін балабақшадағы баласына арнап қымбат оқулық сатып алудың қажеті жоқ. Балабақша ата-аналар тек қарапайым жазу дәптерлерін талап ете алады.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қыркүйек айының басынан бері елордадағы балабақшалар ата-аналарға 15 оқулықтан тұратын кітап тізімін таратқан. Орта есеппен бұл 15 кітапты 12 мың теңгеге сатып алуға болады екен. Оның үстіне, балабақшалардың берген тізіміндегі кітаптар қала дүкендерінде аз мөлшерде ғана сатылған. Сондықтан, кітап дүкендерін «күзететін» мектеп оқушыларының ата-аналарына баласы бақшаға баратын ата-аналар қосылған еді.
Осыған орай, «ҚазАқпарат» тілшісі Астана қаласы әкімдігінің білім басқармасына хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтады.
«Жазу дәптерлерінің өзін ата-аналар қалауы бойынша ғана сатып ала алады. Егер де ата-ананың оны сатып алатындай мүмкіндігі болмаса, балалар 12 беттік дәптер мен сурет дәптерін әкелсе жеткілікті»,-деп жауап берді Астана қаласының білім басқармасы агенттіктің ресми сауалына жауап бере отырып.
Білім басқармасы Астана қаласындағы балабақшалардың тамағы ғана ақылы екенін еске салды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Нурай
Ал мектепке ата -ана кiтап сатып алуга мiндеттi ме?
Шолпан
Әр қалай, кейде міндетті)))
Қаламқас
Кейбір кітапты алдырып жатады, дұрыс емес! Дәптер, қағаз, кітап, ремонт т.б барлығын мемлекет жасауы керек! Мектеп мемлекеттік мекеме болғандықтан, міндетті түрде оқу керек дегеннен кейін, барлық жағдайды жасаулары қажет!