XVII республикалық Абай оқуларына қатысқан қарағандылықтардың жетістігі жайлы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметінде айтты.
«Қарағанды облысынан республикалық жарысқа 6 оқушы қатысты. Олар «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрім туындыларын оқу байқауы, «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы атты үш номинацияда өтті. Қатысушылар өз өлеңдерін де оқыды. Біздің команда жеңіспен оралды», - деп хабарлады басқарма баспасөз қызметі.
Бірінші орынды Бұқар жырау ауданындағы Ростов мектебінің 6 сынып оқушысы Нәзира Медет алды. «Ол Абай мен Шәкәрімнің 327 туындысын жатқа біледі: 203 өлең, 3 поэма, 20 қара сөзі, Шәкәрімнің 101 өлеңі. Ол әділқазылар алқасын дарынымен, актерлік шеберлігімен таңғалдырды», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.
Жезқазғандық оқушы Арайлым Жакеева өзі шығарған өлеңі үшін үшінші орын иеленді. Бұдан басқа, қарағандылықтар командасына әншілер байқауында ынталандыру жүлдесі, қатысушы сертификаттары берілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Қарақат
Жақсы