Өлең, жыр, ақындар

ЕҰУ -ТМД елдері ішінде QS TOP 50 UNDER 50 әлемдік рейтингіне кірген жалғыз оқу орны

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан мен ТМД елдері  арасында тұңғыш рет құрылғанына жарты ғасырдан аспаған, әлемнің 50 үздік университеттері қатарына енді.

Жақында мәлімделген 2016 жыл ішіндегі QS  50 under 50 халықаралық беделді рейтинг агенттігі нәтижесінің қорытындысы осындай. Жалпы рейтингке әлемнің 100 университеті қатысқан, деп хабарлайды аталмыш ЖОО баспасөз қызметі.

 QS 50 under 50 рейтингінде 37 орынды иелену - бұл құрылғанына небәрі жиырма жыл ғана толған еліміздің ең жас ұлттық жоғары оқу орнының үлкен жетістігі.

Университет бұл белеске заманауи жүйеге негізделген оқу жүйесі, ғылыми зерттеулері мен инновациялық жобалары және өндіріс орындарымен жолға қойылған ынтымақтастығы арқылы қол жеткізіп отыр.

Жоғары оқу орны еліміздегі  индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы үшін "Құрылыс материалдары, өнімдері мен конструкцияларды өңдеу»,  «Ғарыштық техника және технологиялар», «Биотехнология», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «Жылу энергетикасы» сияқты 5 мамандық бойынша магистранттар дайындауды сәтті жүзеге асыруда.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары  ядролық, ғарыштық, нанотехнологиялық, биотехнологиялық, математикалық модельдеу мен ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша жан-жақты жүргізіліп келеді. Университет ғалымдарының Thomson Reuters пен  Scopus библиометриялық базалық мәліметтермен индекстелген  рейтингті басылымдарда жарияланымдары  да қарқынды өсіп отыр.

Университет шығаратын "Eurasian Mathematical Journal" ғылыми журналы Scopus халықаралық библиометриялық базалық мәліметке кіреді.

ЕҰУ ғалымдары мен студенттері "Аstana EXPO-2017" халықаралық көрмесінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуда.  Қазір климат өзгеруін ескере отырып, Қазақстан ландшафтарының өнімділігі мен көлемінің экологиялық бағасы; жасыл құрылыстың экологиялық мәселелері; жылу қамтамасыз ету жүйелеріне энергия үнемдеуші жылу сорғыларын қолдану тақырыптары бойынша ұсынылған жобаларға кәсіпорындар қызығушылық танытып  отыр.

Сондай-ақ университетте Ағылшын, қытай, түрік тілдерін меңгерген гидтер мен экскурсоводтарды дайындау орталығы ұйымдастырылған. "Аstana EXPO-2017"-ге үш мыңнан астам студент-волонтерлер қатыспақ.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ алдағы уақытта ғылыми-зерттеу хабына айналып, жоғары білім берудің барлық жүйесі бойынша академиялық көшбасшылық орынын нығайта түспек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар