Мұғалімдер күні қарсаңында №78 мектеп-гимназияда мұғалімдерді, үздік педагогтар әулеттерін, жас мамандар мен тәлімгерлерді құттықтау салтанаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мұндай шаралар дәстүрді жалғастыруға, кәсіпорындар мен ұйымдарда қызметкерлерге жағдай жасауға және олардың еңбегінің беделін арттыруға септігін тигізеді.
Бүгін елорданың үздік мұғалімдері, жұмыс өтілі жүз жылдан асқан үздік еңбек әулеттері марапатталды.
Номинацияда педагогикалық өтілі 478 жылды құрайтын Носиевтер әулеті көш бастады. Бұл әулетте 26 мұғалім бар, олар тарих, қазақ тілі, әскери іс және т.б. пәндерден сабақ береді.
- Мен Носиевтердің келінімін, атам мен енем - тарих мұғалімдері, күйеуім де. Мен тарихшылар әулетіне түсіппін, өзім ағылшын тілінен сабақ беремін, 67-ші гимназияда істеймін, еңбек өтілім 11 жыл. Біздің үлкен әулетімізде түрлі пәндердің мұғалімдері бар, бәріміз бір бірімізге көмектесеміз, - дейді Анаргүл Носиева.
Үздік еңбек әулеттерінің ішінде еңбек өтілі 200 жылды құрайтын Инертбаевтар, өтілі 219 жылды құрайтын Арғынбектар, сондай-ақ, 172 жылдан бері оқушыларды оқытып келе жатқан Әбдіқұловтар мен 159 жылдық өтілі бар Әміржановтар әулеттері бар.
Жұмыс өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандардың ішінде Толқын Қазбекова, Раушан Әкімбекова және Маржан Өнербаева үздік атанды.
- Мен ағылшын тілінен сабақ беремін, біздің заманымызда әрбір қазақстандық үш тілді меңгеруге тиіс деп санаймын. Оны жастайынан үйрету керек, - дейді Толқын Қазбекова.
Шара барысында еңбек өтілі 20 жылдан асқан үздік тәлімгерлер де құттықтауларды қабыл алды. Атап айтқанда, Құшай Тердікбай (еңбек өтілі 38 жыл), Нәйла Құдайбергенова (еңбек өтілі 25 жыл), Қарлығаш Құсайынова (еңбек өтілі 28 жыл) және Қайырбек Шамбеков (еңбек өтілі 21 жыл).
Айта кетейік, жыл сайын Астанада «Жыл мұғалімі», «Үздік мектеп», «Үздік мектепке дейінгі мекеме», «Үздік арнайы білім мекемесі» және т.б. байқаулар ұйымдастырылады.
Жұмысында жоғары жетістіктерге қол жеткізген 1464 педагог марапатталды. Соңғы үш жылда 1300 мұғалім республикалық және халықаралық форумдарға қатысқан, 193 мұғалім оқу ғылыми-әдістемелік оқу құралдарының авторы атанса, 400 жуығы республикалық ғылыми-әдістемелік басылымдарда өз мақалаларын жариялаған.
Жалпы Астанадағы мектептер мен білім мекемелерінде 13760 педагог жұмыс істейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі