Мұғалімдер 5 695 доллар айлық алса...

Басты бет / Қызықты әрі пайдалы деректер / Мұғалімдер 5 695 доллар айлық алса...

Мұғалімдер 5 695 доллар айлық алса... — Қызықты әрі пайдалы деректер бөліміндегі материал.

Материал — білім, жалақы, айлық, мұғалімдер — осы тақырыптарға байланысты.

Білім саласында ең көп талқыға түсетін тақырып – ұстаздың еңбекақысы. Әркім еңбегінің лайықты болғанын қалайды. Мұғалім жалақысы жоғары елде білім де сапалы дейтіндер көп. Шынымен, солай ма?

Халықаралық экономикалық бірлестік пен даму ұйымының мамандары жүргізген «Education at a Glance 2015» кітабына сүйене отырып, «mel.fm» сайты арнайы зерттеужүргізіпті. Мұнда әр елдегі түрлі білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін ұстаздардың орташа жалақысы жарияланған. Десе де, соның ішінде тек мектептерде жоғары сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің орта есеппен алынған айлығына көз жүгіртіп көрейік. Алдыңғы орында – Мексика ұстаздары, айлық жалақысы 5 695 доллар (68 343 доллар – жылдық табысы). Екінші орында – Германия мұғалімдері, айлығы – 5110 доллар (жылдық жалақысы – 61 317 доллар), үшінші орында – АҚШ мұғалімдері, олардың да айлығы осал емес – 3558 доллар (жылдық табысы – 42 695 доллар). Испания ұстаздары да қатардан қара үзген – 3396 доллар (40 752 доллар жылдық табысы), Австралия, Нидерланды мұғалімдерінің де жалақысы 3000 доллардан жоғары. Жылдық табыстары 38 000-39 000 долларға жуықтайды.

Ал ғылымда соны серпіліс жасап жүрген Жапония, Оңтүстік Корея елдерінің ұстаздары ше? Мәселен, Жапонияда жоғары сыныпқа сабақ беретін ұстаздың айлығы – 2 302 долларға (27 627 доллар – жылдық табысы), ал Оңтүстік Кореядағы оқытушының еңбегі 2 438 долларға бағаланған (29 252 доллар – жылдық табысы). Англия, Франция елдерінің мұғалімдері де 2000 доллардан жоғары жалақы алады екен. Жылдық табыстары 27 000-30 000 долларға жетіп жығылады. Тек әлем алпауыттарының қатарынан көрінетін Ресейдегі ұстаз еңбегінің «өтеуі» көңіл көншітпейді екен. Айлығы орта есеппен бар-жоғы 477 доллар төңірегінде. Жылдық табысы – небәрі 5700 доллар. Соған қарағанда, кей елдегі ұстаздың айлық жалақысын Ресейдегі оқытушылар жылдап жинайтын көрінеді. Біздің елдегі көрініс те көршіден алыс кетпегеніне шүбә жоқ. «Mel.fm» сайты зерттеулерге сүйене отырып, ұстаз жалақысы мен сол елдегі мемлекет басшыларының айлығын салыстырыпты. Қызық болса, сіз де көз жүгіртіп көріңіз:

Құралай СЛӘМҚЫЗЫ

Дереккөз: baq.kz



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Рүстем

Жақсы жалақы жақсы білім кепілі болмасада, жақсы құрал бола алады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұғалімдер 5 695 доллар айлық алса... деген не?

Бұл бетте Мұғалімдер 5 695 доллар айлық алса... тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қызықты әрі пайдалы деректер бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Мұғалімдер 5 695 доллар айлық алса... материалы Қызықты әрі пайдалы деректер бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қызықты әрі пайдалы деректер бөліміндегі басқа материалдар білім тақырыбындағы материалдар жалақы тақырыбындағы материалдар айлық тақырыбындағы материалдар мұғалімдер тақырыбындағы материалдар