Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 3 жаңа «Биотехнология», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «Жылу энергетикасы» мамандықтары бойынша магистрлерді дайындауға кірісті.
Бұған дейін жоғарғы оқу орны «Құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялары өндірісі», «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтары бойынша маман дайындауды қолға алған болатын. Бұл туралы бүгін ел жұртшылығы, қоғам және БАҚ өкілдері, университет ұжымы мен студенттері алдында есеп берген Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов мәлім етті.
Қазір осы жаңа мамандықтарды сапалы дайындауға мүмкіндік беретін жалпы сомасы 449 104 мың теңге болатын «Құрылыс материалдары мен бұйымдары зертханасы», «Шағын ғарыштық аппараттар зертханасы» құрылды. Олар бірегей құрылғылармен жабдықталған. Мұны физика, нанотехнология, физикалық және сараптамалық химия, биотехнология сияқты пәнаралық салаларда қолдануға болады. Осы жылдың соңына дейін тағы екі зертхана ашу жоспарланып отыр. Бұл мамандықтарда 579 магистрант білім алады. Олар әлемдік университеттердің стандарттарына сәйкес тәжірибеге бағытталған білім бағдарламалары негізінде оқиды. Білім бағдарламаларын іске асыруға Оңтүстік Корея, Түркия, Қытай, Польша, Германия серіктес жоғары оқу орындары қатысады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Рысгул
Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтары бойынша оқуға түсу үшін ҰБТ дан неше балл жинау керек