Жуырда Панфилов ауданының Жаркент қаласында 180 орындық жаңа балабақша ашылды. Бұл жаңа нысанды кәсіпкер Қайрат пен Ләззат Раевтар салды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Балабақшаның ашылуымен аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев құттықтап, кәсіпкерлерге алғыс айтты. Жаңа мекемеде ауданның балалары сапалы білім мен тәрбие алатынына сенім білдірді.
Екі қабатты «Алтын ұя» балабақшасы заманауи талаптарға сай, қажетті жағдайлардың бәрі жасалған. Кәсіпкерлер бұл нысанның құрылысына 173 млн теңге жұмсаған. Жаңа балабақша жаркенттік балаларға сый болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Qazaq
Allah razi bolsin! Keremet!