Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен мектеп қажеттіліктеріне ақша жинау жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты елордалық мектептерде түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу жөніндегі қоғамдық комиссия құрылды. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.
Әкімдіктің ресми сайтындағы «Әкімге өтініш» сервисі арқылы әкімнің атына келіп түскен әрбір сауал мен өтініш бойынша тексеру жүргізіліп, актілер жасалады, білім беру ұйымының басшылығына тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады. Аталған жұмыстар Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің ерекше бақылауына алынды.
Комиссия құрамына «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің белсенділері, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері енді.
Сонымен қатар, әр мектепте білім мекемесі жұмсайтын міндетті шығындар тізімі ілінеді. Сыныптарда ақша жинау фактілері, мектеп әкімшілігі немесе жекелеген оқытушылар тарапынан басқа да заңға қайшы іс-әрекеттер тіркелген жағдайда, ата-аналар 55-01-62 және 87782550162 телефондары бойынша Білім басқармасының «қауырт желісіне» хабарласа алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Салима Мирас
Акша жинамау керек деп ылги айтылады,бирак ол орындалмай жатыр.Мысалы Астанадагы номери 82 ши мектепте ай сайын 2мын тенге жинайды.Оны ата-аналар ундемей берип жатады.Мугалиммен байланысы жок сиякты ягни ата-ана комитети деп сыпырып алады.Сонда бир окушы жылына 20мын толейди екен 10айга есептегенде.Ол акша кайда барады...онын артында ким?Бирак бул шындык.кез келген окушыдан сураныз сонда окитын?баска мектептерде бар тексерсе...