Өлең, жыр, ақындар

БҚО-да мұғалім оқушысын сабап тастады

Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген жасөспірімге ота жасалды, деп хабарлады «Мой город». Оқиға БҚО Қазталов ауданындағы Қараоба ауылында болған.

Оқушының әкесі Олжас Мақсотовтың айтуынша, оның ұлы жергілікті мектепте 10-сыныпта оқиды. Барлығы 4 қазан күні болды. Жасөспірім жаңа алаңға футбол ойнауға кеткен. Кейін әкесі ішімдік ішкен тарих пәнінің мұғалімі алаңға Еділді кіргізбегенін, ал мектептің әскери жетекшісі баланы ұрғанын білді.  

«Алғашында ұлым тіс жарып ештеңе айтпады, бірақ ауру дендеген соң, бәрін айтып берді», - деді ауруханада ұлының қасында жатқан О.Мақсотов.

Бір апта бойы бала аудандық ауруханада жатты. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қазір 10-сынып оқушысының облыстық балалар ауруханасында жатқанын, оған ота жасалғанын мәлімдеді.

Қараоба ауылдық округының әкімі әскери жетекшінің қызметінен босатылғанын хабарлады. «Төбелес спорт алаңында футбол ойыны кезінде болған. Оған не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Әскери жетекшіден бөлек, онда тарих пәнінің мұғалімі де болған, оның оқушыны соққыға жығуға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ата-ана полицияға шағым түсірді. Тергеу жүріп жатыр», - деді Қараоба әкімі Нұрлығали Дүйсеков.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар