ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте «Ең үздік сынып жетекшісі» жалпы мектепішілік конкурсы өтті. Байқауда 11 сынып жетекшісі бес номинацияда сайысқа түсті.
Қала әкімдігінің сайтының хабарлауынша, бірінші кезеңде сынып жетекшілері «Менің педагогикалық ұстанымым» тақырыбында эссе жазып, сынып туралы жарнамалық кітапшаларын таныстырды.
Келесі номинацияда педагогтар ашық сынып сағаттарын өткізді. Бұл олардың оқушылармен өзара сыйластық қатынас құру, әрбір оқушыны тақырыпты талқылауға тарта білу қасиеттерін көруге мүмкіндік берді. Бағалау кезіндегі басты критерий сабақтың мазмұны, оны өткізу әдістері мен нысаны болды. Конкурс барысында қатысушылар «Сынып жетекшісінің өмірінен бір күн» бейнеролигінің авторы атанды. Бұдан басқа, сынып жетекшілері өз шығармашылық өнерлерін ортаға салды.
«Ең үздік сынып жетекшісі» байқауының Гран-приі мен «Ең үздік сынып жетекшісі» атағы Гүлістан Ұрынбасароваға бұйырды.
Бірінші орынды Сымбат Омарова мен Айгүл Долапова өзара бөлісті. Аяулым Ахметбекова екінші, Роза Ақиярова үшінші орында.
Қалған қатысушылар номинант атанып, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Конкурс оқушыларды тәрбиелеудің инновациялық әдістерін анықтау, кәсіби даму, шығармашыл сынып жетекшілеріне қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі