Өлең, жыр, ақындар

Бес жылдан бері хабарсыз кеткен "Болашақ" стипендианты Қазақстанға оралғысы келмейді

Бес жыл бұрын «Болашақпен» АҚШ-қа барып, кейін із-түзсіз кеткен отандасымыз Ержан Еліковтің атынан әлеуметтік желіде жазба пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

28 жастағы Ержан Еліковті ата-анасы шетелде хабарсыз кеткесін іздеп сабылып жүр. Ал Facebook желісінде жігіттің атынан ашылған парақшада оның елге оралғысы келмейтіні туралы жазба пайда болды.

 

"Менің есімім - Еліков Ержан. Мен - 28 жастағы Қазақстан азаматымын. АҚШ-та қалуды ұйғарған стипендианттардың бірімін... Он жылымды АҚШ-та білімге сарп еткен азаматпын", - деп сөзін бастады жігіт 12 қазан күні жария еткен жазбада.

Ержан еліне қарызын қайтаруға әзір екенін, тек ол үшін кей талаптары орындалғанын қалайтынын алға тартты.

 

"Мен елдегі ең төмен жалақы мөлшерін адамды мазақ ететін 25 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін көтеруін талап етемін... Оқуға кеткен ақшаны елге қайтарамын. Бұл сондай көп ақша емес, себебі, оны АҚШ-та қоқыс тазалаушының өзі алты айда тауып бере алады. Тіпті маған оқуға төленген ақшадан көбірек беруге де әзірмін. Өзімді кінәлі санамаймын", - деп жалғастырды ол.

Студент еліміз неге АҚШ халқындай шалқып тұрмайды деген сауал татады.

"Біз нені дұрыс істемей отырмыз? Менің ата-анам өмір-бақи еңбектеніп, тер төгіп келсе де, ақпан айында аралдарда демалып көрген емес... Біз неге несие төлеу үшін бүйрегімізді сатуға мәжбүрміз, неге мемлекеттің басы ауырмайтын жағдайы мүшкіл адамдарға жанталасып қол ұшын созып отырамыз? Бұған еш себеп жоқ болып шықты", - деп түйіндеді азамат.

Оның ойынша, АҚШ немесе Еуропаның кез-келгені елі секілді Қазақстанның да шалқып өмір сүруіне ешқандай кедергі жоқ.

 

"Мен бұл стипендияны еңбегіммен иленедім. Ал билікте отырған адамдар, тіпті жолақысына ақшаны өз еңбегімен тапқан емес... Мен өз еңбегіммен тапқан ақшамды испандық виллалардағы жарыққа немесе тойдағы Канье Уэстке беруге ниетті емеспін", - деп ренішін білдірді студент.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Емельяненко

Барлығы дұрыс, бірақ əке-шешесіне хабар бермегені дұрыс емес

Багдагул

Ержаннын айтканы ащы шындык. Бирак биликтегилер оны мойындамайды. Бари оз кара басынан ари аспайды. Креслоларын ауыстырганнан ел жагдайы шалкып кете ме? Тек бюджет асаудын жана тасили болар.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар