Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында балалар арасындағы кикілжіңнен соң мектеп мұғалімі өз ауылдасын ар-намысын қорлағаны үшін сотқа берді деп хабарлайды Керек инфо.
Айтуынша, әйел оны "екіге оқығансың" деп сөгіп, күйеуі мен туыстарына тіл тигізген. Мұнымен қоймай, аяғы ауыр бола тұра, оның қолынан тырнап алыпты.
Оқиға биыл сәуір айында Мұғалжар ауылына қарасты Алтынды ауылында болған. Шағымданушының сөзінше, сол күні 11 жастағы баласы үйге жылап келіп, өзіне балалардың тиіскендігін айтқан. Балаларын жақтаған ата-аналардың бірімен сөзге келген әйел кейін сотқа жүгінген. Айтуынша, ұрыс-керіс кезінде әйел мектепте сабақ беретін оны "екіге оқығансың, топассың" деп сөккен. Көршілері мен оқушыларының көзінше күйеуін маскүнем деп ар-намысына тиіпті. Тіпті, аяғы ауыр екенін біле тұра, қолынан тырнап алған көрінеді.
Алайда сот отырысы кезінде сотталушы әйел өз кінәсін толық мойындаған жоқ. Шағымданушы әйел өзімен бір мектепте оқыған. Сол себепті өзін тілдеп, ұрысуын тоқтатпаған оған "двойчниксің" дегені рас көрінеді. Жаман сөз айтқан оның баласын "тіліңді жұлып алам" деп те қорқытқан. Алайда мектеп мұғалімінің жеке өміріне тіл тигізбеген әрі ешқандай жарақат та салмаған. Бар болғаны, қолы саусағын сермей сөйлеген әйелден баласын қорғамақ болған кезде абайсызда тиіп кетіпті.
Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының хабарлауынша, куәгерлерді тыңдап шыққан судья әйелді кінәсіз деп тапты. "Екіліксің" деген сөз екеуара ұрыс кезінде айтылғандықтан, cот сотталушы мұны әдейі жасамаған деп тапты. Сөйтіп, қылмыс құрамы болмағандықтан сотталушыны ақтап шықты. Алайда мұнымен келіспеген әйел облыстық сот алқасына апелляциялық шағым түсірген. Бірақ, бұл жолы да жеңіліс тапты. Істі қайта қараған сот апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі