Өлең, жыр, ақындар

Павлодарлық жас суретшілердің еңбектері Украина маркаларында шықты

Украина поштасы «Достық маркасы» халықаралық суреттер байқауының жеңімпаздарының жұмыстарымен көркем пошта маркаларын шығарды, оның ішінде павлодарлық жас суретшілердің суреттері де бар, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Байқау Украинадағы Херсон қаласында өтті. Оған әлемнің 15 елінен үш мыңға жуық бала қатысты. Білім беру басқармасы бөлімінің бас маманы Балжан Әділханованың айтуынша, Павлодар №2 көркемөнер мектебінің балалары байқауға 35 сурет салып жіберген. Суреттер гуаш, акварель, фломастер және аралас техника қолданылып салынған. Бұл Қазақстанның пейзаждары, натюрморттар, мерекелер, қазақ халқының дәстүрлері, ертегі сюжеттері.

Халықаралық әділ қазылар байқауда 156 лауреатты іріктеді, олардың ішінде Павлодар қаласы №2 көркемөнер мектебінің үш  оқушысы бар. Олар 8 жасар Әбілхан Әбілқасымов, 13 жастағы Зарина Әбдірахманова, 14 жастағы Даниил Юминов. Олардың суреттері Украинаның пошта маркаларына орналастырылды.

Дереккөз: inform.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар