Мектепте ата-аналардан заңсыз ақша жинауға қатысты ақпаратты Whatsapp және Facebook желілері арқылы xабарлауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы бүгін брифинг барысында БАҚ өкілдеріне Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымxан Сенғазыев мәлім етті.
"Халықпен кері байланыс орнату үшін Facebook әлеуметтік желісінде "Астаналық білім беру #bilimastana тобы және Астана қаласы білім басқармасы жетекшісінің парақшасы ашылған. Сонымен қатар Астана қаласы білім басқармасының "жедел желісі" қызмет көрсетеді. Телефон нөмірлері: 55-01-62, 8-778-255-01-62. Сондай-ақ 8-778-255-01-62 нөміріне Whatsapp арқылы xабарлама жіберуге болады. Сонымен қатар СМС xабарлама жүйесі де іске қосылған. Оны 8-701-588-99-66 нөміріне жіберуге болады", - деп атап өтті басқарма басшысы.
Оның сөзінше, жедел желі 21 маусымнан бері жұмыс жасауда. 4 ай ішінде 560 шағым түссе, оны 85-і мектептерде заңсыз ақша жинауға байланысты болып отыр.
Басқарма басшысының айтуынша, Астананың бірқатар мектептерінде турникеттерге жарна жиналуда. Ол ақша балалардың мектептен кіріп-шығуын қадағалау үшін, ата-аналарға смс-xабарламалар жіберу үшін алынады.
"500 теңге көлеміндегі аталмыш жарна ұялы байланыс операторларына төленеді. Ата-аналар балаларын мектепке қай уақытта кіргенін, қай уақытта шыққанын біліп отырғысы келсе, аталмыш жарнаны төлейді. Дегенмен оны міндетті түрде төлеуі тиіс деген талап жоқ", - деді Қ. Сенғазыев.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Арман
Дұрыс, жақсы болыпты)