Британ мектептеріндегі білім беру – Еуропадағы ең көп қатпарлы және беделділердің бірі. Балаларға (және ата-аналарға) көптеген түрлері ұсынылады: жеке мектептер, мемлекеттік мектептер, жеке оқыту, бірге оқыту, пәндерді таңдау, мамандықты таңдау. Primary school, Secondary school, College, University. Түсініп көрейік.
Бастауыш мектеп 5 жастан басталады және екі сатыға бөлінеді. Екі жылдық pre-preparatory school-да балалар әлі оқымайды, дұрысы, кіші сыныптарға – primary school (ол preparatory school немесе elementary school) дайындалады. Келесі сатыдағы оқыту – бұл негізгі пәндер: тілдер, қарапайым математика, тарих, жаратылыстану, дене шынықтыру, музыка. Төменгі сыныптарда жобалық жұмыстар өте кең таралған – оқушылар топқа бірігіп, ортақ тапсырмамен бірлесе жұмыс істейді. Жалпы, «бірге» қағидасы ағылшын мектептерінде өте жақсы дамыған, егер үйретіледі деп айтпағанда. Мұғалімдер көпшілік жағдайда барлық балалардың аттарын (және көпшілік ата-аналарды) біледі және балалардың бір-бірімен дос болып кетуіне көмектеседі, үлкендердің кішілерге қатысты ұсыныстарын қолдайды. Оқушылар арасындағы қарым-қатынасқа үлкен көңіл бөлінеді: агрессия өте қатаң жазаланады, тіпті мектептен шығаруға дейін барады.
11-12 жастан бастап екінші саты басталады – Secondary school, орта мектеп. Ол жалпы білім беретін, гимназия, іріктемелі мектеп немесе шіркеу мектебі болуы мүмкін. Шіркеулік –приходтарда құрылған мектептер, іріктемелі мектептерде, мектепке түсер алдында жақсы тапсырған тестке, яғни негізгі пәндер бойынша жоғары бағаға көбірек көңіл бөлінеді, гимназиялар математикаға басымдылық береді.
Бұл сатыда көптеген оқушылар мемлекеттік мектептерден жеке мектептерге ауысады, Ұлыбританияда жеке бастауыш мектептер, әрине бар. Британ жеке мектептері – монархия, театр өнері және рок-музыка тәрізді елдің визит карточкасы. Бүгінгі күні Ұлыбританияда төрт мыңдай жеке мектеп бар, ал олардың алғашқылары бұл жерде монастырлар кезінде көптеген ғасырлар бұрын пайда болған. Шындығында, қазір олардың монастырьға тікелей қатынасы жоқ. Тәуелсіз мектеп – мемлекеттік қаржыландырудан және мемлекеттік білім беру бағдарламасына тәуелсіз екендіктерін білдіріп, оларды осылай да атайды. Алайда жүйелердің оқыту базасы бірдей.
Дегенмен, жеке мектептер оқушыларға көбірек көңіл бөледі және білім берудің барынша жоғары деңгейімен қамтамасыз етеді деп саналады. Тәуелсіз мектепте оқудың тағы бір себебі – тарихтың бір бөлігі болу және ағылшындар үшін әрқашанда маңызды болып табылатын, дәстүрді сақтап қалу. Көптеген ағылшын отбасы бір ғана мектепте оқуды ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеді және де дәстүрді сақтап қалу үшін ғана басқа мектеп қарастыру туралы мүлде ойламайды да.
Ал ұлдар мен қыздарды жеке оқыту – дәстүрге құрмет көрсету ғана емес, дәлелді кең таралған тәжірибе. Мұндай дәстүрді жақтаушылар да қарсылық білдірушілер де бүгінде Ұлыбританияда теңдей деңгейде, сондықтан ондай мектептер бұрынғысынша танымал. Жеке оқытуды жақтаушылардың сарыны мүлде екіжүзді емес. Керісінше, олар балаларды түрлі корпустарға (мектептерге) бөліп тастау керек деп санайды, бөлу кезінде мына себептерге назар аудару керек:
- Қыздар ұлдарға қарағанда зияткерлік жағынан тезірек дамиды – бір сыныпта озық оқушылар мен артта қалушыларды араластырудың қажеті жоқ
- Ұлдар мен қыздарда жетістікке жетудің өлшемдері әр түрлі – оларды өзара түйістірудің қажеті жоқ
- «Ерлер» мен «әйелдердің» міндеттері бір сарынға түсіріледі –қыздар да, ұлдар да өз ұжымында «қыздардікі емес» және «ұлдардікі емес» жұмыстарды орындауды үйренеді, барынша өз бетінше және ұйымдасқан бола алады.
Өте көп мектептер, тіпті мемлекеттік мектептер де – бұл пансиондар. Яғни балалар ол жерде сабаққа ғана қатысып қоймайды, сол жерде тұрады, сондықтан барлық пансиондардың қоршалған үлкен аумағы (шын мәнінде, кішігірім кампус) болады, ол жерге оқу, тұрғын ғимараттары мен міндетті түрде спорт орталығы салынады.
Айтпақшы, спорт туралы. Дене бітімініңдамуы, британдықтардың ойынша – үйлесімді тұлға болудың бір кепілі, сондықтан мұнда, Еуропаның барлық жеріндегідей, спортқа өте үлкен көңіл бөлінеді. Жеке мектептер өзінің оқушыларына ондаған секция түрлерін таңдауға ұсынады: теннис пен крикеттен бастап суға жүзу мен командамен ескек есуге дейін. Турасын айтқанда, Ұлыбританияда спорт, мектептер мен университеттерде ғана, бұлшық етті шыныққан дене өсіру тәсілі ретінде ғана емес, жақсы тәрбие беру мен қоғамда біріктірудің элементі ретінде қабылданады. Жоғарыда айтылған крикет (немесе, мысалы, крокет – шет елдіктер үнемі бұлардың әр түрлі ойындар екенін ұмытып кетеді), атқа міну, гольф – таңдау көп және бұлардың барлығы тек спорттық үйірмелер ғана емес, сонымен қатар болашаққа дайындама. Спорттық шаралардың көпшілігі іс жүзінде шынайы болып келеді, сондықтан бұл жерде дене шынықтыру сабағынан қалмайды.
Егер де бастауыш мектеп жалпылыққа, ортақтыққа көбірек көңіл бөлсе, орта мектеп білім мен тәрбие беруге көбірек ден қояды, және де «білім беру» түсінігіне оқыту ғана кірмейді, сонымен қатар риторика дағдылары, мәтімен және ақпаратпен жұмыс істеу, көпшілік алдында өнер көрсету, және классикалық та, замануи да өнерді түсіну кіреді. Ағылшын джентльменін немесе жас ханшайымын тәрбиелеу – ең таңдаулы мектептердің құзыреті, ал қоғамда өзінді ұстай білуді мектепте жай ғана қадағалайды. Қызық, осы қағидалардың барлығы шындықпен қалай үндеседі: ағылшын жасөспірімдері Еуропадағы ең бір сотқар және бұзық болып саналатындығы құпия емес. Сол мезетте олардың барлығы да жақсы әдетке үйренген және қажетті сәтте өз білімдерін өте тез «іске қосады».
Орта мектептегі оқудың өзі пәндер бойынша тест тапсырудан басталады, ол оқушыларға одан әрі айналысатын ісінің түрін анықтауға көмектеседі. Тест нәтижесі бойынша оқушылар оқитын пәндерін өздері таңдайды. Бұл саты білік емтиханымен аяқталады, оның екі түрі болады: академиялық және кәсіби. Кәсіби емтихан тапсырған бітіруші еңбек жолын бастауға құқылы, академиялық біліктілік әрі қарай оқуды жалғастыруды керек етеді.
A-Level сертификат немесе оның халықаралық IB (International Baccalaureate) аналогі – бұл әлі орта мектеп, бірақ университетке түсуге тікелей дайындық. Ол тағы да екі жылға созылады. Осы сатыда оқушылар тағы да өздеріне пән таңдайды, ол оқушыларға жоғары оқу орнына түсетін кезде қажет болады.
Мария Рябова, Hurtwood house жеке мектебінің оқушысы:
Әр сыныпта сен түрлі адамдармен оқитының, үйреншікті емес – әрқайсысы әр түрлі пәнді таңдайды, сондықтан біздегі осы «сынып» деген түсінік, мектеп ішінде ары-бері көшіп жүретін өзіңнің кішігірім тобың Англияда жоқ. Сен өзіңмен өзіңсің, сен жалғыз өмір сүресің, нақ оқуға қатысты сен өзіңді өзің қадағалайсың. Сонымен бірге, Ресейге қарағанда бұл жерде оқытушылар мен оқушылар арасындағы қарым-қатынаста барынша татулық бар, сен ешкімге еш нәрсе қарыз емессің, тек өзіңе ғана.
Мектепте мансабыңды (careers department) анықтауға көмектесетін бөлім бар. Әрбір оқушыға жеке тәлімгер тағайындайды, тәлімгермен өзіңнің болашағың туралы сөз ете аласың, ол саған жоғары оқу орнын таңдауға көмектеседі.
Пәндерді еркін таңдау және мектептердің өз оқушыларының жетістігіне мүдделі болуы сабақтан қалуды болдырмайды – бұл тіптен еш керегі жоқ нәрсе, өйткені саған нені оқу керегін сен өзің шештің. Сабақтар үнемі пікірталастар, талқылаулар мен жауап іздеу түрінде өтеді.
Мария Рябова, Hurtwood house жеке мектебінің оқушысы:
Әдебиет бізде әрқашан да poem of the day-дан басталатын – менің мұғалімімде түрлі поэмалары бар кітап бар болатын, ол бізге әр күні әр түрлісін жаңасын оқып беретін, сосын біз оны бүкіл сынып болып бес минуттай талқылайтынбыз. Бұл, әрине, ешқандай бағдарламада жазылмаған, жай ғана осындай кішігірім кірістіру, оқытушының еркіндігі. Содан кейін біз, тәртіп бойынша, бағдарламадағы нәрселерді талдайтынбыз, кейде дауыстап рөлге бөліп оқитынбыз, кейде біреуіміз ғана оқитынбыз. Ешқашан ешнәрсені жасауға мәжбүрлемейтін, алайда жеке сұрақтар, әрине, қойылатын. Жалпы, бүкіл сынып жағымды достық пікірталасқа құрылатын, бұл оқушылардың ерікті түрде қатысуына жағдай туғызатын.
3-4 пән, өте сирек жағдайда 5 пән таңдауға болады, оқу аяқталатын кезде олар бойынша емтихан тапсырады, ал университетке түскен кезде баға айрықша өлшеммен қойылады. Әрбір жоғары оқу орнының өз талаптары бар, ол талаптармен алдын-ала танысып алған дұрыс, ондай кезде тағы да careers department көмектеседі.
Ұлыбританияда бағалау жүйесі 100 баллдық:
A бағасы — 100-70 балл
В бағасы — 60-69 балл
С бағасы — 50-59 балл
D бағасы — 40-49 балл
E бағасы — 39 баллжәне одан да төмен
Бағалардың өте нақты өлшемдері бар, сондықтан финалдық баға алу үшін емтиханда қанша балл алу қажет екендігін алдын-ала санап алуға болады: ол барлық емтихандық баллдардан құралады, сонымен бірге әрбір пәннен жылына ең аз дегенде бір емтихан тапсырасың. Оқу кезінде емтихандарды, тек ең соңғысынан басқасын, әрқашан да қайта тапсыруға болады. Барлық оқу орындары дерлік A-level және IB бағаларын қабылдайды және әңгімелесу жүргізеді – бұл сертификаттармен жекелеген оқуға түсу емтихандарын тапсыру қажет емес.
Дереккөз: mel.fm
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
назерке
өте тамаша жазылған ең нақты мәліметтер.
ҰлЖАЛҒАС
КЕРЕМЕТ екен бизде де осиндай болса екен
Азамат
Барлығын керемет деп айта алмаймын ұнағандары болды
Азамат
Еркіндік басым екен
Максат
Оте тамаша , бызде де осындай болса екен керемет .
Мөлдір
Еркін болған жақсы ғой