Өлең, жыр, ақындар

Үйлеспеушілік

Ол – торпақ, мен болсам – таразы,

Астында Шолпанның жүреміз.

Мен оның сүйемін мұрттарын,

Мен үшін ол менің сыртаным.

Ол – торпақ, мен болсам – таразы,

Ғашықпыз баладай пәктікпен.

Аяқты сезінбей тәждің астында,

Кеудеден шыққанша жан тіптен.

Ол – торпақ, мен болсам – таразы,

Бір әннің жанымыз, қанымыз.

Ол түнде, ал күндіз жарылып өлсең де,

Сағатымыз сәйкеспес наныңыз.

Ол – торпақ, ал мен – таразы,

Дау бітпес күндіз де, түнде де.

Арқалар біртұтас, ал мұрын...

Үндеме,

Тәңірім-ау, қосылдық біз неге?

Ол – торпақ, ал мен – таразы,

Шолпанның астында тұрамыз.

Мұртына көңілім наразы,

Ал одан салқындық ұрады.

 

Людмила Черкашина - Украин ақыны.

Қазақ тіліне аударған: Сүлеймен Баязитов


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз